Список статей
«Шағын жинақты бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер» атты облыстық аймақтық семинар өтті

Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 29 қарашасында Зеренді ауданы Павловск бастауыш мектебінде «Шағын жинақты бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер» атты облыстық аймақтық семинар өтті.

Семинарға Ақмола облысының әр ауданынан 20 адам қатысты. Мұғалімдер ұжымының және оқушылардың күшімен көрме ұйымдастырылды.

Бастауыш сынып оқушылары қонақтарды түрлі- түсті шарлармен қарсы алды және Павловск бастауыш мектебінің меңгерушісі Бексеитовой Любовь Ивановнаның визиткасы ұсынылған және мектеп презентациясы әзірленген мәзіліс залына алып кірді.

Қонақтардың назарына Павловск бастауыш мектебінің оқытушысы Гүлзат Ерланқызы Тулеованыі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным менің мақтанышым» тақырыбында сыныптан тыс алты ашық сабақ ұсынылды:қазақ тілі және әдебиет сабағы «Қазақтың үлтық тағамдары».

Семинар аясында Л.ИБексеитова 2 сыныптарда «Шаршы және тіктөртбұрыш» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізду.

Семинар қатысушыларына TIMSS халықаралық зерттеулер бойынша функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар ұсынылды.

Зеренді ауданы бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Бекзат Ибрашқызы Хамзина тәжірибемен алмасу мақсатында «Қалай SMART жүйесі бойынша дұрыс мақсат қою керек» тренинг өткізді.

Атбасар ауданы Бейс-Хазрет атындағы бастауыш сынып мұғалімі Алма Серікқызы Өмірзақова 2 сынып бойынша орыс тілінен «Окончание слова» шеберлік сабақ өткізді.

Есіл ауданы Любимовск ОМ оқытушысы Хангишиева Светлана Алексеевна «Влияние групповой и парной работы на развитие мотивации в начальной школе»тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Михайловская НШ, Сандыктау ауданы Михайловск бастауыш мектебінің мұғалімі Владимировна Коноваленко Наталья «Методы формативного оценивания как средство достижения эффективности урока» тақырыбында өз тәжірибесімен бқлісті.

Жарқайың ауданы Донской орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дубровина Любовь Ивановна« Из опыта работы преподавания предмета математики в совмещенных классах» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Семинар жұмысы дөңгеле үстелмен аяқталды және іс-шараның қорытындысы шығарылды.

Автор: Р. Бағаналинова, Ж. Тұрсынбекова
Просмотров: 577
Дата создания: 2 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 2 Декабря 2016 г.
www.egov.kz
Опрос