Список статей
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» дөңгелек үстелді өткізу туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» ұйымдастыруымен 2017 жылдың 4 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Қ.Е.Құдабаева жиналған қауымды аталған мәселенің тарихымен таныстырып кетті.

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысы барысында Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы – К.А. Бекбай, Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының тілді талдау және үйлестіру жұмысы бөлімінің бас маманы А.Т. Нүкенов , оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты Г.Б.Кушпаева, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобасының іске асырылуы», Ш.Қ.Кажигалиева «Елімізде латын әліпбиіне көшу тарихы туралы», гуманитарлық пәндер әдіскері М.И. Смаилова «Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыптарында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Іс-шара барысында латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажетіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында ұсыным қабылданды.

Автор: Ш. Кажигалиева
Просмотров: 614
Дата создания: 4 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 5 Октября 2017 г.
www.egov.kz
Опрос