Список статей
«Білім алушылардың оқу процесінде және сабақтан тыс қызметте жобалау жұмыстарын ұйымдастыру» оқыту семинары туралы ақпарат

2018 жылғы 13-15 наурыз күндері Көкшетау қ., «ЭКОС» № 13 экологиялық мектеп-гимназиясында кестеге сәйкес ТжКББ ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық бағыттағы пән оқытушыларына және Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдеріне оқыту семинары өтті. Модераторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төраға, саяси ғылымдарының кандидаты Ибраев М. Ө.

Семинардың мақсаты «Біз – халық. Мен – Қазақстан азаматымын» оқу бағдарламасы аясында әлеуметтік тақырыптар бойынша жобаларды әзірлеу әдістемесін оқыту. Бағдарлама білім алушылардың мемлекеттің саяси процестерінде азаматтардың нысандары мен әдістері туралы түсініктерін қалыптастыруға бағдарланған. Семинарға барлығы колледждер мен облыстық білім беру ұйымдарының 60-қа жуық мектеп мұғалімдері мен оқытушылары қатысты. Осы бағдарламаны білім беру ұйымдарында енгізу білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, олардың мектеп (колледж), қоғам, мемлекет өміріне қатысу ниетін арттыру тәсілдерінің бірі болып табылады.

Автор: М.Дударева
Просмотров: 256
Дата создания: 16 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 16 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос