Список статей
2016 жылғы 22-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында өткен Халықаралық «Ясауитану»білім байқауы бойынша есеп

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО тарапынан 2016 жыл – «Ясауи жылы» деп жариялануына орай, қыркүйек айының 22-23 күндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен Халықаралық «Ясауитану» байқауы болып өтті.

Ақмола облысының командасынан 3 қатысушы, облыстық «Ясауитану» білім байқауының бас жүлдегер Ока Жанат, I орын иегері Төлеген Нұржан, II орын иегері Рыспекова Айжан қатысты. Халықаралық байқаудың нәтижесінде Ақмола облысының командасынан барған оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.

№3 ДБОММИ 11 сынып оқушысы Төлеген Нұржан бас жүлдені (150 мың теңге) және Еуразия ұлттық университетінің оқу грантын ұтып алды Ақмола обылысы Қоянды 9 оқушысы Ока Жанат ынталандыру мен қоса 20 мың теңгеге ие болды.

№3 ДБОММИ 10 сынып оқушысы Рыспекова Айжан үздік дипломмен марапатталды.

Жетекшілік етіп басқарып апарған №3 ДБОММИ тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл.

Автор: С.Тулемисова
Просмотров: 548
Дата создания: 28 Сентября 2016 г.
Дата редактирования: 28 Сентября 2016 г.
www.egov.kz
Опрос