Список статей
Ақмола облысында онлайн режимінде аймақтық ата-аналар жиналысы өткізілді

Ақмола облысының мектептер арасында ағымдағы жылғы 18 қаңтар айында "Балаларды бірігіп қорғаймыз" атты республикалық жобасын іске асыру шеңберінде ата-аналар комитетінің төрағаларына онлайн режимінде аймақтық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыста жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар талқыланды.

Ата-аналар жиналысында Ақмола облысы II жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Карибжанов Омарбек Нұржасарұлы және Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын-алу орталығының маманы Сулейменова Асемгуль Сейлханқызы қатысты.

Жиналыстың қорытындысында ата-аналар мектеп пен қоғам ортақ күшпен тығыз байланыста болып бақытты қауіпсіз балалық шақты құруымыз біздің қолымызда деп ортақ пікірге келісіп, ұсыныстарын қалдырды.

Автор: К. Цуневская
Просмотров: 613
Дата создания: 20 Января 2017 г.
Дата редактирования: 20 Января 2017 г.
www.egov.kz
Опрос