Список статей
«World Skills - жұмысшылар үшін олимпиада. Халықаралық стандарттар призмасы арқылы студенттерді оқыту» облыстық семинар

2017 жылғы 14 желтоқсан күні Көкшетау қаласы № 1 құрылыс-техникалық колледжінде «World Skills - жұмысшылар үшін олимпиада. Халықаралық стандарттар призмасы арқылы студенттерді оқыту» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері,WSK ұлттық сарапшылары, директорлардың ОӨЖ жөніндегі орынбасарлары, аға шеберлер, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

1. WS халықаралық қозғалысының, WSK ұлттық қозғалысының нормативтік және әдіснамалық негіздері, WS құзыреттілігінің стандарттары туралы түсінік.

2. WS сарапшыларының ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмысы.

3. Құзыреттілікте пайдаланылатын құрал-саймандар мен жабдықтар.

4. Жұмыс орнына және қауіпсіздік техникасына қойылатын салалық талаптар.

5. WSK аймақтық чемпионатын ұйымдастыру.

Сарапшылар WorldSkills ұлттық және халықаралық чемпионаттарына қатысу тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушылары WSK аймақтық чемпионатын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ құзыреттердің өңірлік орталықтарын құру бойынша мәселелерді қарастырды және талқылады.

Семинардың нәтижесінде қатысушылар 2018 жылға WSK чемпионатын ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Семинар аясында колледждің оқыту шеберханалары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Автор: А. Нұрмағанбетова
Просмотров: 248
Дата создания: 14 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 14 Декабря 2017 г.
www.egov.kz
Опрос