Список статей
Атбасарда мектеп пен балабақша қызметкерлері Ілияс Есенберлиннің үйін абаттандырумен айналыса бастады

Атбасар қаласының мектептері мен балабақша қызметкерлері танымал қазақ жазушысы, біздің жерлесіміз - Ілияс Есенберлиннің туып, өмір сүрген үйін абаттандыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты - деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Атбасар қаласы білім бөлімінің бастауыш оқыту бойынша әдіскері Әсел Қозыбекова – қазақтың танымал жазушысы Ілияс Есенберлиннің үйін абаттандыру – біз үшін зор мәртебе болып табылады. «Біздің тату тобымыз үйді әктеп, ауласын қоқыс пен қу бұталар, жапырақтардан тазартты. Бұл іс-шараның мақсаты - Атбасар ауданының мәдени мұрасын сақтау және «Туған жер» бағдарламасының бір бағытын орындау болып табылады.

Жазушы Ілияс Есенберлин 1915 жылдың 150 қаңтарында Атбасар қаласында, ағаш шебері отбасында туды. Ол тұрған үш бөлмелі ағаш үйді әкесі Есенберді ағасы Шоқанмен бірге 1895 жылы салған. І.Есенберлин көшесіндегі №48 үй (бұрыңғы Совет көшесі) қазіргі кезде де сақталған.

Қалада Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінен басқа, жазушы туылған үйде мемориалдық тақта орнатылған. Бұл көше де І.Есенберлиннің атында. 1998 жылы жазушының атындағы кітапхана жұмыс істей бастады. Жазушының атымен №1 мектеп-гимназиясы да аталады. Республикамыздың астанасы Астана мен Алматыда І.Есенберлин атындағы көшелер бар. Ол тұрған «жазушылар үйінде» мемориалдық тақта орнатылған. Атаулы мерекелер күнтізбесіне 2014-2015 жылы ЮНЕСКО Ілияс Есенберлиннің 100-жылдығына естелік монеталар шығарылды. Атбасардың орталық алаңында ескерткіш орнатылған.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 457
Дата создания: 3 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 3 Ноября 2017 г.
www.egov.kz
Опрос