Список статей
«Сәт, тоқта, сен ғажапсың!» фотобайқауының өткізілуі туралы ақпарат

«25 жұлдызды күн" акциясының шеңберінде " білім күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған облыстық педагогикалық форум өтті. «Сәт, тоқта, Сен ғажапсың!» фотобайқауының өткізілуі де осы күнге сабақтастырылды, оған облыс мектептерінің ұстаздары мен мектеп оқушылары қатысты.

Сайысты өткізудегі мақсат білім беру ұйымдары педагогтары еңбегінің беделін, әлеуметтік-адамгершілік маңызын арттыру болды.

Байқау 4 номинация бойынша өтті:

1. Менің алғашқы мұғалімім.

2. Өмірдің қас-қағым сәттері...

3. Менің мектебімнің тарих парақтары

4. Ұстаздық династия.

Байқауға 100-ден астам жұмыс ұсынған оқушылар және мұғалімдер қатысты, олардың көпшілігі барлық төрт номинация бойынша да қатысты.

Қазылар алқасымен бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша "Менің алғашқы мұғалім" номинациясында І орынды Степногорск қ. №1 "Айгөлек" балабақшасының логопеді Кун Анастасия Александровна иеленді;

II орынды –Жақсы ауданы, К. Ускенбаев атындағы Кийминск ОМ 9-шы сынып оқушысы Шмидт Диана иеленді;

III орынды – Сандықтау ауданы, Белогордск негізгі мектебінің 7-ші сынып оқушысы Карелин Артем иеленді.

Өмірдің қас-қағым сәттері... номинациясы бойынша:

I орынды – Бұланды ауданы, Капитоновка орта мектебіндегі химия пәнінің мұғалімі Костенко Тамара Васильевна жеңіп алды;

II орынды– Степногорск қ. №5 «Колосок» бала бақшасының тәрбиешісі Сапегина Светлана Викторовна жеңіп алды;

III орынды – Степногорск қ. А.Косарев атындағы № 9 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Кайыпназарова Гульзат Мадиярқызы жеңіп алды.

Менің мектебімнің тарих парақтары номинациясы бойынша:

I орынды –Щучинск қ. Бурабай ауданының №1 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі-Абдульманова Бибігүл Наурызбайқызы иеленді;

II орынды – Степногорск қ. Н.Островский атындағы №1 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жунусова Гульнар Сакенқызы иеленді;

III орынды – Жақсы ауданы, К. Ускенбаев атындағы Кийминск ОМ 11-шы сынып оқушысы Калдарбекова Диана иеленді.

III орынды- Бурабай ауданы Щучинск қ. «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысы орталығы этно-өлкетану мұражайының ұйымдастырушы маманы Касенова Багиля Батырғалиқызы.

Ұстаздық династия номинациясында:

I орынды – Бурабай ауданы Щучинск қ. №5орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мишина Галина Викторовна жеңіп алды;

II орынды – Көкшетау қ. №21 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аманжолова Гүлім жеңіп алды;

III орынды –Астрахан ауданы, Новоколутон орта мектебінің география пәні мұғалімі Стрижак Ирина Александровна жеңіп алды.

Байқау қорытындысы бізге педагогтар мен оқушылардың фотоөнерге деген жоғары қызығушылығын, осы сипаттас іс-шараларды өткізудің өзектілігін көрсетеді.

Көптеген қатысушылар жоғары деңгейлі жұмыстарымен, шығармашылығымен және бақылаушылығын көзге түсті, өз жұмыстарының сонылығымен қуантты.

Қазылар алқасы «Сәт, тоқта, Сен ғажапсың!» фотобайқауының барлық қатысушыларына алғыс айтып, жеңімпаздарын құттықтайды. Байқаудың жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі Дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқау фотоматериалдары ББ ОӘК мұрағатында сақталады.

Автор: Л.Закирьянова
Просмотров: 620
Дата создания: 14 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 14 Декабря 2016 г.
www.egov.kz
Опрос