Список статей
Ақмола облысында робототехника кабинетінің тұсаукесері өтті

Ақмола облысының Целиноград ауданының Родина орта мектебінде робототехника кабинетінің тұсаукесері өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылды.

«Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр оқушыларға мерекелік күнге орай арнап жасаған тамаша сыйлығы болды. Робототехника мүмкіндіктеріне оқушылар ашылған күннен-ақ баға берді. Іс- шараға Юрий Тимощенко - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Ералы Туғжанов - Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Малгаждар Таткеев - Целиноград ауданының әкімі, сонымен қатар ауыл тұрғындары қатысты.

Робототехника кабинетінде физика, математика, информатика және т.б. сол сияқты мектеп пәндері бойынша білімдерін арттыруға болады. Мысалы, математикада бағдарламаларды жасаған кезде алгоритмдерді оңай түсінуге, информатикада бағдарламаларды жасауға болады. Сонымен бірге Родина ауылының оқушылары жоғары технологиялар саласында басқа да көп нәрселерді тани алады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 792
Дата создания: 6 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 6 Декабря 2016 г.
www.egov.kz
Опрос