Список статей
«Өзін-өзі тану – жаңа уақыттың педагогикасы» атты ғылыми-практикалық конференциясының өткені туралы ақпарат

2016 жылдың 11-12 ақпан күндері Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінде рухани-адамгершілік білім берудің «Өзін-өзі тану – жаңа уақыттың педагогикасы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға Ш.Уалиханов атындағы университетіндегі педагогика және психология, әлеуметтік және жас ерекшелігі педагогикасы кафедраларының оқытушылары, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі рухани-адамгершілік білім беруді басқаратын әдіскерлер, әдістемелік бірлестік жетекшілері, «Өзін-өзі тану» мұғалімдері, ата-аналар, жалпы 80 адам қатысты.

Конференция қатысушыларына мерекелік іс-шара, әдістемелік құралдар, кітаптар, қолөнер және көркем өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Құттықтау сөзімен Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич жиналысты ашты.

Өзін-өзі тану – бұл оқушылардың гуманитарлық біліміндегі құрамды бөлігі. Заманауи гуманитарлық білімнің мазмұны рухани мәдениеттің заманауи жетістіктері негізінде жобаланады. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделе отырып, ол оқушылардың бойында өмірін жоғары сапасымен қамтамасыз етуге қажетті құзіреттіліктер қатарын қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі күні әр педагогтың алдында өз елінің мәдени-тарихи мұрасын білетін және бағалайтын, туған өлкесін сүйетін, онда өмір сүруге және қызмет етуге дайын Қазақстан азаматын тәрбиелеу міндеті тұр. Әр бала өзін ашуы қажет!

Мақсаты мен міндеттері:

Оқу үрдісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің инновациялық бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру бойынша жұмыста педагогикалық тәжірибемен алмасу және тарату.

Педагог тұлғасының рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға тәсілдендіретін білім беру-ақпараттық кеңістігін құру.

Ғылыми-практикалық конференция екі бөлімнен құралды:

пленарлық отырыс өтті. Теориялық бөлімінде деңгейлік базалық курстардан өткен педагогтар баяндамаларымен сөз сөйледі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі ретінде»-Кусаинова Арнагүл Жақсылыққызы – Ш.Уалиханов атындағы КМУ әлеуметтік және жас ерекшелігі педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі; «Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрлармен қамтылу мониторингі» - Джумабекова Құралай Габдулгамарқызы – Ақмола облысының білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері; «Рухани-адамгершілік білім берудің жаңа амалдары»- Чуркина Татьяна Александрована - педагогика магистрі, Атбасар қаласының орта мектебінің директоры; ««Өзін-өзі тану» және басқа оқу пәндерін біріктірудің педагогикалық принциптері» - Елмұратова Ботагөз Балтабекқызы – Зеренді ауданы, Чаглинка ОМ-нің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі; «Ата-аналармен өзара әрекеттесу - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қажетті шарты» - Пшеничная Татьяна Николаевна - Көкшетау қ. №1 ОМ-нің «Өзін-өзі тану» мұғалімі.

12 ақпан күні сағат 9.00-де практикалық бөлімі басталды, онда біліктілік санаттарын арттыратын мұғалімдер тәжірибелерін таратты. Педагогтар өзін-өзі тану сабақтарында балалармен, ата-аналармен шебер-сыныптар өткізді, «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен біріктіріп, жобалық қызметтің сабақтағы үлгілерін көрсетті.

Өзін-өзі тану және әдебиет пәндерін біріктіру «Адам жанының сұлулығы» атты сабақ - Логунова Людмила Александровна- Бұланды ауданы, Тоқтамыс ОМ-нің өзін-өзі тану мұғалімі; «Өзін-өзі тану мен химия пәнімен интеграциялау сабағы»- Тонеубай Анагуль – Елтай ОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,Бұланды ауданы; Дебаты «Адамгершілік қасиеттер – өмір негізі» атты дебаттар (сыныптан тыс іс-шара)-Решетняк Екатерина Валерьевна – Егіндікөл ауданы, Бауман ОМ-нің бастауыш сынып және өзін-өзі тану мұғалімі; «Ата-ана махаббаты және тәрбие» атты шебер-сынып (практикум) - Старцева Тамара Андреевна - Атбасар ауданы, Шуй ОМ-нің өзін-өзі тану мұғалімі; Өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың тұлға дербестігін дамыту арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (тәжірибе тарату) - Турдыева Галина Сергеевна – Бұланды ауданы, №5 ОМ-нің өзін-өзі тану мұғалімі; «Өзін-өзі тану» сабақтарындағы жобалық қызмет - «Өзін-өзі тану» пәнінің аясындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру бағыттарының бірі (тәжірибе тарату)-Гоголева Анжела Ивановна – Степногорск қ. Ю.А.Гагарин атындағы №7 ОМ тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі.

Автор: Джумабекова К.
Просмотров: 1181
Дата создания: 15 Февраля 2016 г.
Дата редактирования: 15 Февраля 2016 г.
www.egov.kz
Опрос