Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған облыстық жиналыстың өткізілуі туралы мәлімет

Білім беру ұйымдарындабалалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алужәне  болдырмау мақсатында 2017 жылғы 16 қараша  күні    облыстық  жиналыс  өткізілді.

Алғы сөзімен Ақмола облысы білім басқарма басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова сөз сөйледі. «Білім беру  ұйымдарындағы  құқық бұзушылық жұмыстарының анализі» туралы Ақмола облысы

прокурорының  аға  көмекшісіҚосман Е.Т.  баяндап өтті. 

«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»  туралы Ақмола облысы ішкі істер департаментінің  жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары -Мұсаев Р.С.  хабардар етті.

Ақмола  облысы білім басқармасының  қамқоршылық, қорғаншылық  және  тәрбие жұмысы бөлімінің   бас маманы Оспанова  А.Н.  «Білім беру ұйымдарындағы  тәрбие жұмысының маңызы»  туралы  баяндамасымен таныстырды. «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі  тәрбие жүйесінің  ерекшелігі»  туралы Көкшетау қаласы физика-математикалық бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары

Есмағамбетова Ж.С.  сөз сөйледі.

«Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясына «Дозор» бағдарламасын   енгізу   туралы» баяндамасымен   Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясының директоры Винтер Е.Б.  таныстырды.«Аутодеструктивті

мінез-құлықты оқушыларды анықтауда «Дозор» бағдарламасының маңызы» туралы Көкшетау қаласы №1  орта мектеп-гимназиясының  педагог-психологы Иманбаева  Д.К.   түсіндіріп өтті.

Жиналыс барысында құқық бұзушылықтың  алдын алудың негізгі бағыттары қаралды. Білім беру ұйымдарындағы  тиімді жұмыстардың практикалық  әдістері ұсынылып, ұсынымдар жасалды.

Автор: Кажигалиева Ш.К.
Просмотров: 170
Дата создания: 17 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 17 Ноября 2017 г.