Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді төл мерекелеріңіз Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырындағы жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру бірінші кезекте тұрғандықтан, білім мен ғылым саласы алдында асулы белестер тұр. Заман ағымы сіздердің алдарыңызға басты мақсат қойды, ол - сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету.

Ақмола облысының білім беру саласын дамытуға үлес қосып жүрген сіздерге шынайы алғысымды білдіргім келеді.

Төрткүл дүниені төрт айналсаң да білім мен ғылымның мәртебесі әрқашан ерекше биік.

Отанымыздың болашағы, мемлекетіміздің келешегі жас ұрпақтың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқанда ғана биік белестерге жетеріміз анық. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстазға, оның біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Сіздердің мемлекетіміздің қамқорлығына, халықтың өздеріңізге артып отырған сеніміне жауапкершілікпен қарайтындарыңызға сенемін.

Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтай отыра, зор денсаулық, азаматтық ерлік және толымды жетістіктер тілеймін!

Игі тілекпен,

Ақмола облысы білім

басқармасы басшының м.а. Т. Жүнісов

Автор: Т. Жүнісов
Просмотров: 328
Дата создания: 29 Сентября 2017 г.
Дата редактирования: 29 Сентября 2017 г.