Ақмола облысының оқушылары Президенттік шыршаға Кремльге барады

Бүгін Ақмола облысынан Ұлдана Совет пен Имран Бағдат Ресей Федерациясының Президенттік шыршасына қатысатындығы белгілі болды – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұлдана Совет пен Имран Бағдат - біздің батырларымыз, олар өз өмірлерін қатерге төндіріп басқа балаларды құтқарып қалды. Ұлдана жанып жатқан үйден екі сіңілісі мен інісін, ал Имран құдыққа құлағалы жатқан кішкентай баланы құтқарып, өзі жарақаттар алып, емдеу курсынан өтті.

Бұл сапардың бастамашысы мен демеушісі «Дегдар» гуманитарлық қоры. Қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Дариға Назарбаева болып табылады.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов балалармен кездесіп, сәт сапар тіледі. «Мен Сіздерді мақтан тұтамын, Сіздердің ерліктеріңізге алғысым шексіз. Сіздер біздің батырларымыз және бізгдерге үлгісіздер!» Талғат Тұрлыбекұлы балалардың болашақта қандай мамандық таңдайтындарын сұрады, Ұлдана болашақта өрт сөндіру қызметінің құтқарушысы болып, басқа адамдардың өмірін құтқарғысы келетінін айтты.

«Мен жаңа жыл қарсаңында басқа елге бара жатқаныма өте қуаныштымын. Мен Мәскеуде ешқашан болған жоқпын. Маған Президент Владимир Путинмен кездесесің дегенде мен қатты қуандым. Онымен суретке түсе аламын деген сенімдемін» -деді Ұлдана Совет.

Балалар Кремльдегі шыршаға ұлттық киім киеміз деп шешті. Билеттер сатылып алынды, костюмдері дайын, сапарлдарына дейін бір күн ғана қалды.

Республикамыздан Ресей Федерациясының астанасына бес бала барады, оның екеуі Ақмола облысынан екенін атап кеткен жөн.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 292
Дата создания: 29 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 29 Декабря 2017 г.
www.egov.kz
Опрос