Құрметті әріптестер!

Сіздерді Республикамыздың Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздіктің 25-жылдығын атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді.

Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар елеулі үлес қосып келеді.

Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ақмола облысы

білім басқармасының

басшысы Б. Ізбасарова

Автор: Б. Ізбасарова
Просмотров: 749
Дата создания: 14 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 14 Декабря 2016 г.