Ақмола облысында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді

Дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылының басталуынан бір ай бұрын «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған жалпы республикалық акциясы «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында өтеді.

Акцияның мақсаты – оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылар және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін ескерту.

Жылдан-жылға акцияға қатысуға ниет білдірушілердің саны өсуде. Өткен жылы акция қорытындылары бойынша облыс бойынша материалдық көмек алған балалардың саны 8290 құрады, оның ішінде сомасы 8184,0 млн. теңгеге 2683 білім алушы бюджеттік қаражат есебінен, 52,5 млн.теңгеге 5597 білім алушы бюджеттік емес қаражат есебінен. Көрсетілген материалдық көмектің жалпы сомасы 60,7 млн.теңгені құрады.

Облыс бойынша осы жылы 10899 бала материалдық қолдауға мұқтаж, оның ішінде 924 бірінші сыныпқа барады.

Акция кезеңінде мектептерге бармайтын балаларды үй-үйді (пәтер-пәтерді) аралау, рейд іс-шаралары арқылы анықтауға, сондай-ақ мектепке жинау бойынша халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобынан шыққан балаларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы республикалық акцияны өткізу қарсаңында Ақмола облысының білім басқармасы облысымыздың барлық азаматтарына, бизнесмендер, кәсіпкерлер, меценаттарға акцияға қосылуға және қиын өмірлік жағдайындағы отбасыларға және балаларға көмек көрсетуге және балаға мектепке баратын өз жолдарын табуға көмек көрсетуге шақырамыз.

Автор: К. Дюсеханова
Просмотров: 402
Дата создания: 31 Июля 2017 г.
Дата редактирования: 31 Июля 2017 г.