Ақмола облысының студенті Республикамыздың ең үздік көркемсөз оқу шебері атанды

Астана қаласында «Душа золотого поколения» көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық байқауы өтті, онда Щучинск қаласы педагогикалық колледжінің студенті Жансая Бекболатова бірінші орынды иеленді - деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жансая Мұқағали Мақатаевтың «Соқыр ана» монологын оқыды.

Жазушы Ғабиден Мұстафиннің туған күніне орайластырылған іс-шараның мақсаты – жазушының және отандық, шет ел әдебиетінің танымал тұлғаларын насихаттау, оқушы жастарды поэтикалық өнерге, қазақ және орыс поэзиясын оқуға тарту, әлемдік мәдениет құндылықтарын насихаттау.

Байқауға Қазақстан Республикасы жоғары және орта оқу орындарынан 135 студент конкурсант қатысты.

Одан басқа, үшінші орынды Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасынан үзінді оқыған Еркегүл Жакенова иеленді, ол да Щучинск қаласы педагогикалық колледжінің студенті болып табылады.

«Осындай іс-шара өткізу Отанына деген махаббат пен мақтаныш сезімін тәрбиелейді, әр баланың тұлғалық, жеке ерекшеліктерін дамытады, Қазақстан жастарының шығармашылық әлеуетін ашуына үлесін тигізеді, көркем сөз өнері мен сахналық шығармашылығына жетелейді, отандық тарих пен әдебиетке танымдық қызығушылығын дамытады» деп айтты Щучинск қаласы педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Ақылбай Теміров.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 134
Дата создания: 5 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 5 Декабря 2017 г.