Ақмола облысында үздік өндірістік шеберін таңдайды

Бүгін, Щучье қ., экология және орман шаруашылығы колледжінде Ақмола обылысының колледждері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері» сайысы басталғанын Ақмола облысы Білім басқармасы хабарлайды. 

Ең үздік өндірістік оқыту шебері атағын алу үшін 19 үміткер қатысуда. «Сайыс шығармашылық қабілеттерін ашуға, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға, кәсіптік шеберлігін арттыруға бағытталғанын» Ақмола облысы Білім басқармасының Оқу-әдістемелік дәрісханасының әдіскері Сауле Сералина хабарлайды.

Сайыскерлер бүгін  «Мен-өндірістік оқыту шебері» өз-өзін таныстыру және «Шығармашылық зертхана» көрмесін қорғауын көрсетеді. Және де әділ-қазылар алқасы қатысушылардың портфолиосын қарап, баға береді.

«Бүгін Щучье қаласында аптап ыстықтар күтілуде! Мұнда үздіктердің үздігі жарысқа түсуде». Біз студенттерге өзіміздің күнделікті беріп жатқан тәжірибемізді, шеберліктерімізді көрсетеміз. Әрине, жүлдеден үмітім бар.

Тәуелсіз және білікті  қазылардың әділ шешім шығаратындарына сенемін» деп «Көкшетау қаласындағы, №1 құрылыс-техникалық колледжінің» өндірістік оқыту шебері Кусайнова Балдырган өз ойын айтты.

«Үздік өндірістік оқыту шебері-2017»  қорытындысы ертең Щучье қаласында өтеді.

Автор: С.Сералина
Просмотров: 179
Дата создания: 17 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 17 Ноября 2017 г.