Құрметті әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар қойнауынан жасампаздық қуатын ала келген осы мереке халықтар бірлігінің, бейбітшіліктің символы болып табылады.

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Елордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Автор: Б.Ізбасарова
Просмотров: 252
Дата создания: 18 Марта 2017 г.
Дата редактирования: 18 Марта 2017 г.