Ақмола облысының педагогтары Оксфорд баспасынан сертификаттар алды "Ағылшын тілін оқытуда оқытудың заманауи әдістерін және жаңа оқыту ресурстарын қолдану " тренингтік курс

Көкшетау қаласында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған "Ағылшын тілін оқытуда оқытудың заманауи әдістерін және жаңа оқыту ресурстарын қолдану» тақырыбында тренингтік курс өтті.Тренингті баспасының халықаралық әдәріскері Пол Вудфолл өткізді деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараның мақсаты – 2017-2018 оқу жылы оқу процесіне енгізілген English Plus KZ edition Oxford University Press баспасының 5 және 7 сыныптарға арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту тренингтерін өткізу, сонымен қатар Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдерін оқытудың жаңа технологиялармен және әдістемесімен таныстыру. «Oxford University Press» баспа үйінің ресми өкілі «InterPress» әдістемелік-кеңес беру орталығы Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен екінші рет өткізуде.

Облыстың өңірлерінен 80 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі халықаралық лекторлар өткізген шеберлік сағатқа қатысты және өздерінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері болды. Олардың пікірінше, бұл курс өтті тиімді және жемісті өтті. Барлық қатысушыларға Оксфорд баспасынан сертификат берілді, Пол Вудфолл тренингтің жұмысы туралы өз пікірімен бөлісті "Бүгін педагогтармен өте тиімді тренинг өтті. Барлығы белсенді болғандықтан, аудиториямен жұмыс істеу ыңғайлы. Мұғалімдерге тапсырмалар мен жаттығулар бердім және олар оны ойдағыдай орындады. Педагогтардың жоғары кәсібилігін атап өткім келеді. Тренинг соңында педагогтардан алынған білімдерін тәжірибеде қолдана ма екенін сұрап едім, оған нақты және көп мәрте иә деген жауап алдым!".

Сонымен қатар, Пол Вудфолл Көкшетау қаласы туралы, қазақ халқының қонақжайлығы туралы өзінің алған оң әсерлері туралы айтты. Және тағы келуге қуанышты болатынын айтты.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 272
Дата создания: 2 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 2 Ноября 2017 г.