Құрметті әріптестер, педагогикалық еңбек ардагерлері, оқушылар мен студенттер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күнімен құттықтаймын.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде әрбір азаматтың да өзіндік үлесі бар. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.

Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге білім беру саласы да жаңарып, ілгерілеу үстінде.

Баршаларыңызға, әр отбасына, шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Ізгі ниетпен,

Ақмола облысы

білім басқармасының

басшысы Б.Ізбасарова

Автор: Б.Ізбасарова
Просмотров: 532
Дата создания: 28 Апреля 2017 г.
Дата редактирования: 28 Апреля 2017 г.