Ақмола облысында облыстық жас тарихшылар мен өлкетанушылар форумы өтіп жатыр

Облыстың барлық өңірінен 100-ге жуық тарихшылар мен өлкетанушылар «Звездный» БСО Жас тарихшылар мен өлкетанушылар форумына қатысу үшін жиналды. Іс-шара «Ақмола облысының мектеп музейлерін дамыту бағдарламасы» жобасының аясында өткізіліп жатыр.

Бүгін балалар Астана қаласына барды. Тұңғыш Президент музейіне, ҚР қарулы күштер музейіне барып, астанамыздың көрікті жерлерін тамашалады.

Ертең форумның бағдарламасында Ақмола облысы бойынша археологиялық экспедицияларда табылған жәдігерлердің инсталяция – көрмесі, мәдени мен табиғи мұраны сақтау және біздің өлкеміздің тарихы жөнінде өзекті мәселелерді талқылау бойынша конференция форматындағы баяндамалар, археологиялық экспедициялардың қатысушыларының жұмыс тәжірибелерін жалпылау, шеберлік-сыныптарын өткізу, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жайлы көркем фильмдер көру, «Менің Президентім» шығармашылық жұмысы.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 227
Дата создания: 24 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 24 Ноября 2017 г.