«Менің Республикам бойынша жаңажылдық саясат» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан балалардың жаңажылдық шыршасының пресс-релизі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 692 бұйрығына сәйкес еліміз бойынша бір уақытта 2016 жылғы 26 желтоқсан сағат. 11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті атынан балалардың жаңажылдық шыршасы өткізіледі. Порезиденттің жаңажылдық шыршасының тақырыбы:«Жаңажылдық алаулар ЭКСПО-2017». Қазақстан үшін 2017 жыл Астана қаласында, біздің Отанымыздың астанасында жазғы кезеңде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесімен маңызды.

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Президенті атынан балалардың жаңажылдық шыршасы «Rixos Borovoe» (Бурабай ауданы) қонақ үй кешені базасында өткізіледі.

Балалардың жаңажылдық шыршасына 17 ауданнан, 2 қала Степногорск, Көкшетаудан, 5 балалар үйінен, 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаттарынан, 3 дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттарынан, жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығынан, «Мүгедек балаларды қолдау ассоциациясы» АҚ-нан оқу үздіктері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 9 жастан 13 жас аралығындағы 200 балалары қатысады.

Балалар шыршасының қатысушылары үшін Жаңа жылды мерекелеу 25 желтоқсан басталады. Балалар үшін 25 желтоқсан күні екінші жартысында «Лапландия» Аяз Атаның резиденциясына саяхаты және ойын-сауық бағдарламасы, ал кешке «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына мәдени-көпшілік бағдарламасы ұйымдастырылады.

26 желтоқсан сағат 11.00-де «Rixos Borovoe» қонақ үй кешенінде балалар үшін есіктерін 25 аяқ ата және 25 ақшақар ашады.

Залда «Достықтағы күш және балалардың бірлігі» атты жаңажылдық театрланған көрініс басталады.

Балаларды ЭКСПО-2017 Тенгри бойтұмарымен кездесу болады. Маймыл жылын шығарып салу және Қораз жылын қарсы алу.

Балалар шыршасының қатысушылары үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейне құттықтауының көрсетілімі өтеді. Балаларды Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин құттықтайды.

Жаңажылдық шыршаның ертегілік көрінісі тәтті үстелмен және ескерткіш сыйлықтарын тапсырумен аяқталады.

Автор: Н. Степанова
Просмотров: 156
Дата создания: 22 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 22 Декабря 2016 г.