Ұлттық Жастар Дельфий ойындарына Ақмола облысы ІІІ жалпы командалық орынға ие болды

2017 жылдың 1-5 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Өнерім – рухани қазынам» атты ХІІІ республикалық Ұлттық Жастар Дельфий ойындары өтті.

ХІІІ Дельфий ойындарына Қазақстанның он екі облысынан және екі қаласынан 18 номинация бойынша жалпы 600-ге жуық жас дарынды бала қатысты. Шығармашылық байқаудың аясында «Хореография», «Ым-ишарат тілінде ән айту» номинациялары бойынша екінші Парадельфийлік ойындар өткізілді. Осы арада «Арбада билеу» атты жаңа номинацияның тұсауы кесілді. ХІІІ Ұлттық Жастар Дельфий ойындарының салтанатты ашылу рәсімі Николай Погодин атындағы орыс драма театрында өтті.

Ақмола облысынан 30 адамды құрайтын делегация қатысты. Оның ішінде 13 жеке орындаушы және 2 ұжым (би, театралды). Біздің конкурсанттар өз өнерін 13 номинация бойынша көрсетті:

-эстрадалық ән айту;

- халық әнін орындау;

-академиялық ән айту;

-домбыра;

-баян/аккордеон;

-прима-қобыз;

-халық биі;

-бейнелеу өнері;

-сәндік-қолданбалы өнері;

-қысқаметражды кино;

-театр;

-дизайн;

-ым-ишарат тілінде ән айту.

Байқаул-фестивалі бағдарламасының қорытындысы бойынша Ақмола облысы делегациясының қоржыны 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен толықты (жалпы 6 жүлделі орын).

1 орын - Алтын медаль

«Эстрадалық ән айту» номинациясы, жоғары топ:

- Жулбарисов Данияр (Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, оқытушысы Нугуманова Елена Георгиевна);

«Баян – аккордеон» номинациясы, кіші топ:

-Крутевич Тимур (Көкшетау қаласы, балалар музыка мектебі, оқытушысы Закирова Оксана Борисовна);

«Сәндік - қолданбалы өнері» номинациясы, жоғары топ:

-Мухамедқали Бауыржан (Көкшетау қаласы, № 1 құрылыс-техникалық колледжі, оқытушысы Сеитов Даурен Шамшиденұлы).

2 орын- Күміс медаль

«Халық биі» номинациясы, жоғары топ:

- Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің би ұжымы

( оқытушысы Саду Лейла Қайратқызы);

3 орын - Қола медаль

«Театр» номинациясы, жоғары топ:

- Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің театр ұжымы; (оқытушысы Букешева Маржан Арыстанбекқызы);

«Қысқаметражды кино» номинациясы, жоғары топ:

-Туржанов Эдуард (Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, оқытушысы Кожабаева Лейла Жакаевна).

Сондай-ақ 6 қатысушы арнайы дипломмен марапатталды (Нұрмұхан Ринат, Скороходов Александр, Қаби Лаура, Ақтаев Азамат, Қалиева Әмина, Қуатов Асылхан).

«Өнерім –рухани қазынам» атты ХІІІ республикалық Ұлттық Жастар Дельфий ойындарының қорытындысы бойынша Ақмола облысы делегациясы ІІІ жалпыкомандалық орынға ие болып, кубокпен марапатталды.

Алтын медаль иегерлері 2018 жылы Мәскеу қаласында өтетін Халықаралық Ұлттық Дельфий ойындарында өз бақтарынсынайтын болады.

Автор: Б. Коскулакова
Просмотров: 179
Дата создания: 7 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 7 Ноября 2017 г.