«Үздік жыл психологы» атағын Ақмола облысымыздың екі педагог-психологы жеңіп алды

Алматы қаласында білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған «Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңі аяқталды.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі екі педагог-психологымыз - Бекахметова Жұлдыз Жасқайратқызы және Төлегенова Кенжегүл Енбекшілқызы үздік жүлделі орындарға ие болғанын хабарлайды.

«Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Республикалық әр өңірінен қатысқан педагог-психологтар оқушылармен, ата-аналармен жұмыс жасауда өз шеберліктерін көрсетті.

Конкурс барысында қатысушылар практикалық жұмыс кезінде шеберлік сыныптар өткізді. Оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту мақсатында авторлық жобалары мен эссе жұмыстарын жазды.

Ақмола облысының атынан Атбасар ауданы Новосельская орта мектебінің педагог-психологы - Лащенко Михаил Александрович, Жақсы ауданы №2 орта мектебінің педагог-психологы - Төлегенова Кенжегүл Енбекшілқызы, Көкшетау қаласы №6 орта мектеп-лицейінің педагог-психологы- Бекахметова Жұлдыз Жасқайратқызы, Целиноград ауданы Қосшы ауылы №2 орта мектебінің педагог-психологы –Власенко Наталья Степановна қатысты.

Әділ-қазылардың ортақ шешімінің нәтижесінде «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша жүлделі 2 орын - 2 дәрежелі дипломмен Бекахметова Жұлдыз Жасқайратқызы Көкшетау қаласы №6 орта мектеп-лицейінің педагог-психологы, 3 орын- 3 дәрежелі дипломмен Төлегенова Кенжегүл Енбекшілқызы Жақсы ауданы №2 орта мектебінің педагог-психологы марапатталды.

Біздің республикалық конкурс жеңімпаздарын жүлделі орындармен құттықтай отыра, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.

Автор: Ш. Кажигалиева
Просмотров: 184
Дата создания: 7 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 7 Ноября 2017 г.