Құрметті әріптестер!

Сiздердi бүкіл әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні – тарих төрінен өз орнын алған ұлы мереке.

9-мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ - аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға, туған-туысқандарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бейбіт өмір тілеймін.

Ізгі ниетпен,

Ақмола облысы

білім басқармасының

басшысы Б. Ізбасарова

Автор: Б. Ізбасарова
Просмотров: 870
Дата создания: 6 Мая 2017 г.
Дата редактирования: 6 Мая 2017 г.