VI Аумақтық «Кәсіби білім және бизнес: серіктестер диалогы» форумы

2017 жылғы 30 қаңтарда Көкшетау қаласының «Достар» МҮ VI Аумақтық «Кәсіби білім және бизнес: серіктестер диалогы» форумы өткізіледі.

Форумның мақсаты:

- "Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған міндеттердің іске асырылуын талқылауға мүдделі тараптарды тарту.

Міндеттері:

- кадрларды даярлау жүйесінің заманауи моделін құруда әлеуеттік серіктестердің мүмкіндіктерін іске асыру үшін бизнес-құрылымдармен диалог және серіктестік құру;

- кәсіби білімнің мәртебесін көтеру;

- білімнің қолжетімділігін, аймақтың білікті кадрларын сапалы даярлау және әлеуметтік серіктестермен өзара ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету.

VI-шы аймақтық форумға Кәсіпкерлер палатасының, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ауылшаруашылығы басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер: «Зеленстрой» ЖШС (Г.Осиненко), «Щучинский котельно-механический завод» ЖШС (М.Ахметов), «Burabay Hotel Management» (Ф.Опсар), «ҚазақстанХалықБанкі» АҚ (Г.Хусаинова), «ServiceCentreChina» ЖШС (Н.Дивисенко), «Студия-А» сұлулық салоны (Н.Абдулханова) және т.б..

Форумда әлеуметтік серіктестер оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады. техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бизнес - құрылымдармен серіктестіктігі мен ынтымақтастын нығайту және дамыту мамандардың сапалы дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және облыс экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады, сондай-ақ, ТжКББ ұйымдарының имиджін ілгерілету, еңбек адамының жағымды бейнесін құру және насихаттау.

2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде Елбасының тапсырмасына сәйкес жастардың тегін бірінші жұмыс мамандығын алуы қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіби даярлау және ересек тұрғындардың еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша дағдыларын арттыруын жүзеге асырылатын болады.

Әлеуметтік серіктестіктерді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтеді.

Форум аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі студенттерінің ғылыми-техникалық шығармашылығын көрсететін "Жастардың ғылыми әлеуеті –"EXPO -2017 қосқан үлесі" тақырыбындағы көрмесі өтеді.

Автор: С. Сералина
Просмотров: 533
Дата создания: 27 Января 2017 г.
Дата редактирования: 27 Января 2017 г.