Ақмола облысында балабақшаларға электронды кезек автоматтандырылады

Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов брифингте мәлімдеді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Степногорск пен Щучинск қалаларында балабақша үшін бірыңғай электрондық кезек құру бойынша пилоттық жоба іске асырылатын болады.

«Мемлекет басшысы ағымдағы Жолдауда мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін бір өтініш қағидаты бойынша цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Балабақша үшін бірыңғай электрондық кезек құру жобасы бұл идеяны нақты көрсетеді», - деді Гамазов.

Автоматтандыру процесі қызмет алушыға кезекке өтініш беруге, мектепке дейінгі ұйымға жолдама беруге, оны қолдану мерзімін ұзартуға, өтініштің мәртебесінің өзгеруін хабарлауға мүмкіндік бере алатын ақпараттық жүйені жасайды.

Бұдан басқа, ақпараттық жүйе тәулік бойы жұмыс жасайды және бос орындарды бөлудің үздіксіз үдерісін жүргізеді, сондай-ақ адам факторын жоққа шығарады және басымдықтарды қалыптастыру үдерісінде автоматтандырылған басқаруды қамтамасыз ететін болады.

В.Гамазовтың айтуынша, Степногорск пен Щучинск қалаларында жобаны сәтті апробациялаған жағдайда, 2018 жылдың соңына дейін облыс орталығында автоматтандырылған жүйе енгізілетін болады.

Автор: Ш. Утебаева
Просмотров: 120
Дата создания: 13 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 13 Февраля 2018 г.