Меню

Обратная связь

Обращение:
Қалиева Әсемгүл Тлекқызы7 Июня 2017 г.
Сәлеметсіздер ме? Мен, Қалиева Әсемгүл Астрахан ауданда мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Өзім Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында (қазіргі Аякөз ауданы) дүниеге келгенмін. Енді осы зардапты өңірде дүниеге келген азаматтарға жылына бір рет радиациялық қауiптi аймаққа байланысты ақылы демалыс беріледі. Менің туған жерім жоғарғы аймақ болғандықтан 10 күн берілуі тиіс. Ал біздің аудандағы бас есепші маман 6 күн беріледі дейді. Төмендегі жазбалар Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау министрлігіне жазған хатымдағы берілген жауап. Құрметті Әсемгүл! «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХІІ Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабына сәйкес 5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық аймақтар бойынша қосымша еңбекақы алуға және жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы. Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарына сәйкес: Төтенше радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Абай ауданындағы Сарыжал селолық Кеңесiнiң, Бесқарағай ауданындағы Долон және Бөденелi селолық Кеңестерiнiң, Жаңасемей ауданындағы Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады. Ең жоғары радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарының елдi мекендерi, Павлодар облысының Май ауданындағы Ақжар және Малдар селолық Кеңестерi жатады. Жоғары радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Шұбартау, Новошульба, Бородулиха, Шар, Жарма, Аягөз аудандарының елдi мекендерi, Семей және Курчатов қалалары, Қарағанды облысының Егiндiбұлақ ауданы, Павлодар облысының Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Таврия, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандары, Өскемен және Лениногорск қалалары жатады. Ең төмен радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Мақаншы, Yржар, Таскескен, Көкпектi, Ақсуат аудандарының, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының, Павлодар облысы Лебяжi ауданының, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарының елдi мекендерi жатады. Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады. Юсупова А.Е. – Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы
Ответ:
Администрация13 Июня 2017 г.
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ Заңының (бұдан әрі – Заң) 7 бабына сәйкес, Аягөз ауданы жоғары радиациялық қауiптi аймаққа жатады. Ал Заңның 13 бабына сәйкес жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 10 календарьлық күнi бар жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы бар.