Меню

Обратная связь

Обращение:
Аманкелд Мереке 5 Февраля 2018 г.
Сәлеметсіз бе құрметті Талғат Тұрлыбекұлы. мен Аманкелді Мереке Шортанды ауданы Төңкеріс негізгі мектебінде мамандығым бойынша математика және физика пәнінің мұғалімімін. Жұмыс өтілім-14 жыл.2003-2009 жыл аралығында Бозайғыр ауылы АКМ №15 жұмыс істедім. 2007 жылы "математика және физика" пәнінен 2-санатқа көтердім. 2009 жылы Төңкеріс негізгі мектебіне ауыстым. 2013 жылы мектеп әкімшілігі 1-санатқа көтерткізбей қайтадан 2-санатты растатты. Биыл 1-санатқа көтерімін. енді мектептің әкімшілігі тағы да биыл тек математика пәнінен ғана санатыңды көтересің, физикадан көтеруге болмайды дейді. Осы қаншалықты заңды. Дипломымда Математика және физика пәнінің мұғалімі деп тұр. не себепті диплом бойнша санатымды көтере алмаймын? Сонда келесі жылы физика пәнінен тағы жүруім керек пе? осы сұрағыма толық жауап берсеңіздер . алдын ала рахмет
Ответ:
Образование8 Февраля 2018 г.
Құрметті Аманкелд Мереке! Ақмола облысының білім басқармасы Сіздің өтінішіңізді қарастыра отырып, келесі мәліметті хабарлайды. "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығының 26 тармағына сәйкес педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен негізгі лауазым бойынша жүргізіледі. Яғни, ережеге сәйкес Сіздің дипломда екі пән бір мамандық ретінде көрсетілсе, біліктілік санатыңыз екі пәнге бірге беріледі.