Меню

Обратная связь

Обращение:
Сактапбергенова А.К 29 Марта 2016 г.
Сəлеметсіз бе! Менің айтайын дегенім неге осы Атбасар ауданының мұғалімдерін қолбала қылып алған. Қашан ұстаз деген балаға білім берумен айналысады? Шөп жұлатын кім ұстаз, сайлау кезінде барлық қаланы аралап ақпарат жинайтын кім мұғалім, енді міне су таситын кезде əр мұғалім үйінен төсек жабдық тасып жатыр. Сонда ол қай кезде сабаққа дайындалады? Сайлау кезінде сайлау орталығы құрылмай ма? Атбасарда Есенберлиннің ескерткіші қойылғанда ол түнімен суықта мұғалімдерге ескерткішті қасындағы асфальтты жуғызды. Не сұмдық бұл? Қосымша жұмыс тапсырса ақшасын да төлесін. Сіздер қандай басқармасызжар өз жұмыскерлеріңізге қорғаныш бола алмайтын.
Ответ:
Общество13 Апреля 2016 г.
Ақмола облысының білім басқармасы Сіздің өтінішінізді қарастырып, келесіні хабарлайды: Атбасар қаласында төңіректі абаттандыру ережелері негізінде сенбіліктер ұйымдастрылған. Ережелер мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің маңайын абаттандыруды жұмыстарын ұйымдастыру мен тәртібін белгілейді. Сенбіліктерді өткізуге мектептің кіші қызмет көрсетушелер мен жұмыскерлері жұмылдырылады. Педагогтар сенбіліктерге сабақтан тыс уақытта қатысады. Қазіргі күні мектеп мекемелерін абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше назар аударылуда. Өйткені, балалардың бойында эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру үшін керек (әсемдікке сүйіспеншілік: өзін қоршаған ортадағы барлық сұлулық пен тіршілікті қадірлеу, сүйсіну, үлкендердің мен балалардың өз қолдарымен жасалған дүниенің бәріне қамқорлықпен қарау үшін). Абаттандыру шараларына дайындық барысында мектеп ұжымдары шығармашылық пен қиял танытты: мектеп жанындағы учаскелерде табиғи материалдардан түрлі ойын жабдықтары жасалып, шағын архитектуралық нысандар орнатылды – альп таулары, жасанды су қоймалары, тоғандар т.б. Сондай-ақ, сайлау кезінде мұғалімдер сайлау учаскелерінің мүшелері және волонтерлар қатарында болды. Әр оқу тоқсанының соңында мұғалімдер мектеп жасындағы балалар санын нақтылау үшін шағын аудандарды аралайды. Сынып жетекшілері оқушыларының тұрғын үй –тұрмыстық жағдайын тексереді. Мұғалімдер өздеріне бекітілген көшелерді, шағын аудандардың тұрғындарын жақсы біледі. Сонымен қатар, Атбасар қаласының тұрғындары бірнеше жылдар бойы екі мектеп төңірегінде су тасқынына қарсы шараларды өткізуде –бұл шаралар әріптестер, балалар жұмыс жасайтын оқу мекемелері нысандарының суға кетуінің алдын алу үшін қажет.