Меню

Обратная связь

Обращение:
Аскар Ергали 10 Октября 2017 г.
Қайырлы күн !!! Менде 0,5 ставка зертханашы және 11 сағат жүктемем бар информатика пәнінің мұғалімімін. осы 11 сағат аптаның бес күнінде сабақ кестесінде орналастырлған. сұрайын дегенім мен сонда екі есе кем жалақы алсам да 20-25 сағаты бар мұғалім сияқты күн сайын мектепте жүруім керек пе?(сынып жетекшілігім жоқ). бұл еңбек қатынастары бойынша қаншалықты заңды? егер бұл дұрыс болмаса аптасына қанша күн мектепте болуым керек?
Ответ:
Образование24 Октября 2017 г.
Аскар Ергали Ақмола облысының білім басқармасы Сіздің өтінішіңізге ҚР Еңбек кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс» Сіз 0,5 ставкадағы штаттық қызметкер болған жағдайда лабборант ретінде аптасына 20 жұмыс сағаты және информатика мұғалімі ретінде 11 сағаты құрайды. Аптасына жұмыс сағаты сомасы 31 сағатты құрайды. Тиісінше Сіз бес күндік жұмыс аптасы кезінде зертханашы ретінде жұмыс орнында күн сайын 4 сағат болуға тиіссіз,егер өзгеше еңбек шартымен белгіленбесе. 4 сағат күнделікті жұмысқа бекітілген кестеге сәйкес Сіздің сабағыңыздың уақыты қосылады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша қабылданған шешімге шағымдануға құқығыңыз бар.