«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның мекен – жайы: 021500, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, тел: 8 (716-45) 6-25-60.

Кәсіпорынның басты қызметі: білім беру саласында өндірістік – шаруашылық қызметтердің бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

Функционалдық міндеттері: ҚР қолданыстағы заңнамаларына және жарғыларына сәйкес кәсіпорынның әкімшілік – шаруашылық және қаржылық – экономикалық қызметтеріне басшылық ету, штат кестесін бекіту, кадрларды таңдау және орналастыру т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (педагогикалық немесе бейіні бойынша), білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарында сәйкесінше бейін бойынша ұйымдардағы басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы қажет.

Персоналмен жұмыс тәжірибесі, еңбек қатынастары саласында тәжірибесінің болуы. Компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы (Word. Excel бағдарламалары), лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді білуі қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және ерекше бөлімдерін), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;

3) ерікті түрде толтырылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (ол бар болса) не еңбек келісім шартының көшірмесі немесе орнатылған тәртіпте куәландырылған, соңғы жұмыс орынына қабылданған және шығарылған туралы бұйрықтардыңүзіндісі;

6) белгіленген үлгідеденсаулығы жөніндегі анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арнайы есеп және қылмыстық статистика бойынша Комитетінің есебіне сәйкес тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметінің болуы немесе болмауы туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне байланысты қосымша ақпараттарды ұсынуға мүмкіндігі бар.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындажарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн аяқталғанға дейін қабылданады.

Комиссия конкурсқа қатысушылардың тапсырған құжаттарын қарастырғаннан кейін, конкурсқа қатысушылармен 10 күнтізбелік күн ішінде әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төмендегі мекен - жайға жіберілуі тиіс:Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 каб., т. 8 (716-2) 90-31-06, 90-31-05.

Автор: Т. Мейрамова
Просмотров: 363
Дата создания: 22 Февраля 2016 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.