Список документов
Педагог қызметкерлер аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым Министрі А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу

бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог

қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары

мен шарттары

Ескерту. Қағидалары мен шарттары жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;

2) біліктілік санаты – жұмысты орындау нәтижелілігін көрсететін қызметкерге қойылатын біліктілік талаптарының деңгейі;

3) біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагог қызметкерлерді қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі;

4) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу негізінде оның кәсіби құзыреттілігін зерттеу;

5) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттыру – білім беру мен оқытудың сапасын арттыру үшін бұрын алған кәсіби білімін, біліктілігін, дағдыларын және құзыреттілігін жаңарту, сондай-ақ қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқытудың нысаны;

6) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын (растау) беру үшін аттестаттау – қызметкердің мамандық бойынша кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауды белгілейтін бірізді әрекеттердің тәртібі;

7) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар – "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар;

8) сараптау – педагогтің кәсібилік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау;

9) сараптамалық кеңес – аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың тапсырған құжаттарын сараптамадан өткізуді және аттестаттаудың барлық кезеңдерінің өткізілу мерзімі мен орнын анықтауды, сондай-ақ аттестаттауды ұйымдастыру және өткізуді ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыратын біліктілікті арттыру институты, ғылыми-педагогикалық кеңес, әдістемелік кабинеттің өкілдерінен құрылған жұмыс органы.

2-тарау. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім

беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің

білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, және білім және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары

мен шарттары

1-Параграф. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы

білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс

істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан

өткізу қағидалары мен шарттары

4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды (бұдан әрі – педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалар) аттестаттау кезекті және мерзімінен бұрын болып бөлінеді.

5. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін кезекті аттестаттау Заңның 51-бабына сәйкес кемінде бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

6. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін кезекті аттестаттау "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" білім саласындағы уәкілетті органның 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау жолымен бір кезеңде жүзеге асырылады.

7. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу кезінде мыналар айқындалады:

1) білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды орындау;

2) мәлімделген біліктілік санаттарына сәйкес педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік деңгейлеріне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау;

3) өзінің кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау.

8. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын көтеру үшін Заңның 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарына сай өтініш негізінде мерзімінен бұрын аттестаттау өткізіледі.

9. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес өтініші негізінде біліктілік санатын алу үшін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді:

1) екінші біліктілік санатына:

жоғары оқу орнын "үздік" бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;

"Болашақ" бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;

кәсіптік орта (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын "үздік" бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;

біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар;

2) бірінші біліктілік санатына:

ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде 3 жыл педагогикалық жұмыс өтілі және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар;

облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

біліктілікті арттыру курстарынан өткен екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;

3) жоғары біліктілік санатына:

қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

біліктілікті арттыру институтынан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі, бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, магистр академиялық дәрежесі бар және кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде бес жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.

10. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар екі кезеңдік аттестаттаудан өтеді:

1) бірінші кезең – біліктілік тестілеу;

2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

11. Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды:

1) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларын білу – 20 сұрақ;

2) педагогика және психология негіздері – 20 сұрақ;

3) пәндік білім негіздері – 20 сұрақ.

12. Тестілеудің жалпы уақыты жүз елу (150) минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ, арнайы, жалпы кәсіптік пәндердің оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін қоспағанда, жалпы тестілеу уақыты жүз жиырма (120) минутты құрайды.

Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша - 50%, білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50% болса, оң деп есептеледі. Тестілеу кезінде төмен нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.

Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);

2) жүктілік және бала туу, бала күту демалысында болу;

3) шетелде қызметтік іссапарда болу.

Қайта тестілеу кезінде төмен нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.

Тестілеудің өткізілу мерзімі тестілеу рәсімін өткізуге кемінде 2 апта қалғанда педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғалар хабарланады.

Тестілеу жыл сайын 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

Өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар біліктілік тестілеуден босатылады.

13. Келесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өтуге ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.

14. Аттестатталатын педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың тізімдік құрамы білім беру органының алқалық шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.

15. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың қызмет қорытындыларына кешенді талдамалық жинақтауды жыл сайын біліктілік санатының сұранысына сәйкес 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында сараптама кеңесі жүргізеді:

екінші біліктілік санатына – білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама кеңесі, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктердің, кафедралардың өкілдері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог қызметкерлері, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді;

бірінші біліктілік санатына – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама кеңесі, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру институттарының өкілдері, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді;

облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың бірінші біліктілік санатына және жоғары біліктілік санатына облыстық деңгейде ұйымдастырылатын сараптама кеңесі, оның құрамына: "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру институтының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді.

16. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың аттестаттаудан өтуі үшін тиісті деңгейлердің аттестаттау комиссиялары: білім беру ұйымдарында; аудандық (қалалық) бөлімдерде; облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында; білім саласындағы уәкілетті органдарда (республикалықбағынысты ұйымдар үшін); тиісті саланың уәкілетті органдарында құрылады.

17. Аттестаттау комиссияның құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары және аттестаттау комиссиясының мүшелері кіреді. Хатшы аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

18. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының құрамын тиісті алқалық орган (мектептің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының педагогикалық кеңесі) анықтайды және білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, аттестаттау комиссиясының хатшысы және мүшелері енгізіледі. Аттестаттау комиссиясына білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі бар педагог қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық кеңестердің, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру институттарының, кәсіподақтардың, өндірістік ұйымдардың (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім нысандары үшін), "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін) кіреді.

19. Білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының құрамы білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының құрамына білім беруді басқару органының мамандары, кадрлық қызметтердің өкілдері, ғылыми-педагогикалық кеңестердің, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру институттарының, кәсіподақтардың, өндірістік ұйымдардың (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім нысандары үшін), "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін) кіреді.

20. Аттестаттау комиссиясының мүшелері тақ саннан тұрады.

Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын аттестатталушы қызметкер өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

21. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары аттестаттау процесінде:

1) аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар қызметінің қорытындысын қарастырады және талдайды;

2) аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін бағалайды.

22. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) процесінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде екінші біліктілік санатын бекітеді (растайды), бірінші және жоғары санатты беру (растау) үшін педагогтердің материалдарын дайындайды;

2) аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші біліктілік санатын береді (растайды);

3) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің жоғары біліктілік санатын бекітеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші және жоғары санаттарын береді (растайды).

Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне бірінші және жоғары біліктілік санатын білім беру ұйымының басқару органы береді (растайды).

23. Аттестаттау комиссиясының отырыстарын хатшы хаттамамен рәсімдейді.

Хаттамаларда аттестаттау комиссиясының шешімдері және оның мүшелерінің дауыс беру нәтижелері тіркеледі. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

24. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әдістемелік қызметкерлер, білім беру бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, қосымша қызмет бойынша сабақ беретін басқа тұлғалар жалпы негізде оқытатын пәні бойынша аттестаттаудан өтеді.

25. Салалық мемлекеттік органдардың білім басқармаларының педагог қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттауды білім басқармаларының және тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.

26. Педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.

27. Шағын жинақты мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда жеке куәлігі немесе біліктілікті арттыру курстарында кәсіби оқудан, тиісті біліктілігі бар қайта даярлау курсында кәсіби оқу туралы сертификаты негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.

28. Педагог жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пән бойынша сабақ берген жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады, ал аттестаттау біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификат болған кезде жалпы негіз бойынша өткізіледі.

29. Арнайы білім беру ұйымдарында және арнайы сыныпта (топта) жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша аттестаттаудан өтеді.

Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныпта (топта) білім туралы дипломда көрсетілмеген мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда біліктілікті арттыру және білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.

30. Арнайы білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан, білім беру ұйымдарында қайта даярлаудан өту нәтижесінде алған сертификаты негізінде аттестаттаудан өткізіледі.

31. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және қосымша пәндер (арнайы педагогика, арнайы психология және басқалары) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі ескеріле отырылып, аттестаттаудан өткізіледі.

32. Мектепте дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау олардың біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткенін және педагогикалық білімін ескере отырып жүргізіледі.

33. Тиісті органдарда білікті мамандар болмаған жағдайда, ұйым басшысы білім беру органына педагог қызметкерді аттестаттау туралы өтінімхатпен жүгінеді.

34. Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Аудандық, қалалық, облыстық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.

35. Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысу кезінде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

36. "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ берген кезде педагог қызметкердің біліктілік санаты бұрынғы сабақ беріп жүрген пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

37. Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама кеңесінің қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:

1) аттестаттауға өтініш;

2) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:

жеке басты куәландыратын құжат;

білімі туралы диплом;

қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаты;

бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;

біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар;

3) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда):

педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;

педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;

педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қызметінің кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базаларының басшылары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат;

соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда – 1-2 жыл).

38. Аттестатталатын педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қызмет қорытындысына талдау сараптама кеңесінің отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама кеңесі қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның (республикалық бағынысты ұйымдар үшін) сараптамалық кеңесінің құрамына әдістемелік кабинеттің (орталықтардың) әдіскерлері, тиісті бағыттағы қызмет бойынша бағынысты ұйымдардың өкілдері кіреді.

39. Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына құжаттардың көшірмелері ұсынылады:

1) аттестаттауға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білімі туралы диплом көшірмесі;

4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

7) сараптама кеңесінің қорытындысы.

40. Осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген және жұмысқа

шыққан педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарының қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:

1) біліктілік санатының қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш (ерікті нысанда);

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білімі туралы диплом көшірмесі;

4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

6) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың аттестаттау туралы куәлігінің көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардан басқа).

Аттестаттау комиссиясының отырысы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.

41. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін шығарады:

1) біліктілік санаттың талаптарына сәйкес;

2) біліктілік санаттың талаптарына сәйкес емес.

42. Педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беруді (растауды) болдырмау туралы шешім толық негіздемемен жеке хаттама арқылы рәсімделеді.

43. Аттестаттау комиссиясы "біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған жағдайда санат бір деңгейге төмендейді, мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен жағдайда қазіргі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

44. Біліктілік санатын төмендету туралы шешім, тиісінше, еңбекақы аттестаттау комиссиясының шешімдері негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

45. Педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшылар 1 шілдеден кешіктірмей шығарады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатының берілуіне (расталуына) сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі жаңа оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.

46. Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 31 тамыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

47. Аттестатталған педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.

48. Біліктілік санаттары педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың өтініштері негізінде үш жылдан аспайтын уақытқа келесі жағдайларда ұзартылады:

1) педагог қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;

2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;

3) қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;

4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;

5) Қазақстан Республикасы шегінде жұмыс орнының ауысуы;

6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы;

7) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан ауысуы.

49. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады.

Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

50. Білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде екінші біліктілік санатына спорт шеберіне кандидат теңестіріледі, бірінші біліктілік санатына спорт шебері және халықаралық дәрежедегі шебер теңестіріледі.

Білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде ғылым кандидаты, PhD ғылыми дәрежесі бірінші біліктілік санатына теңестіріледі, ғылым докторы дәрежесі жоғары біліктілік санатына теңестіріледі.

51. Зейнеткерлік жасқа дейін 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, кезекті аттестаттаудан босату туралы өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады.

2-Параграф. Білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

52. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) аттестаттауға дайындық және өткізу;

2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі;

3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

53. Аттестаттауды өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – аттестаттау органы) кадр қызметі ұйымдастырады және ол келесі іс-шараларды қамтиды:

1) аттестатталатын білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерге қажетті құжаттарды дайындау;

2) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;

3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;

4) әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау.

54. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.

55. Аттестаттайтын органның басшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі.

56. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.

57. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені рәсімдеп, оны аттестаттайтын органның кадр қызметіне жібереді.

58. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелеріне негізделген шынайы бағаны қамтуы тиіс.

59. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

60. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзін сипаттайтын ақпаратты аттестаттайтын органның кадр қызметіне ұсынады.

61. Аттестатталатын қызметшіге аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидағаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын рәсімдейді.

62. Аттестаттайтын органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді.

63. Аттестаттау комиссиясын аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша аттестаттайтын органның басшысы құрады және комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға және хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады.

64. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің және аттестаттаушы органның кадр қызметінің басшылары, кәсіподақтың және ұйымды алқалық басқару кеңесінің өкілдері кіреді.

Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны аттестаттайтын органның кадр қызметінің басшысы айқындайды.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттаманы әзірлейді және рәсімдейді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

65. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

66. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

67. Аттестаттау комиссиясы мүшелері келіспеген жағдайда өз ерекше пікірін білдіре алады.

68. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себеппен қатыспаған жағдайда оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылады.

Аттестатталушы аттестаттауға дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда қайта аттестаттау тағайындалады. Мемлекеттік қызметші қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда ол аттестатталмады деп есептеледi.

69. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.

Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған.

70. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушымен әңгімелескен соң аттестатталушы қызметшіге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес бағалау парағын толтырады, содан кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта аттестаттауға жатады.

71. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады.

72. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

73. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін осы Қағидада айқындалған тәртіппен өткізіледі.

Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) 10 - атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) 20 - атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

74. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.

75. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлға бекітеді және оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

76. Аттестатау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парағына енгізіледі.

77. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Ұйымның басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.

78. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы және бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын демалыстағыларды қоспағанда, барлық қызметшілер аттестаттауға жатады.

79. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әр үш жыл өткен соң, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан кейін аттестаттаудан өтеді.

Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін аттестатталады.

Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі.

 

Мектепке дейінгі,

бастауыш,

негізгі орта, жалпы орта,

техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімнің

білім беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру

ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен

оларға теңестірілген тұлғаларды,

 және білім

және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық

қызметшілерді аттестаттаудан

өткізу қағидалары мен

шарттарына 1-қосымша

Нысан

       __________________________________________________________________________

      санаттарды растау (беру) жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)

       __________________________________________________________________________

       (педагогтың Т.А.Ә. (болған жағдайда))

       ____________________________________________________________________

                        (лауазымы, жұмыс орны)

 Өтініш

       Мені 20 ____ жылы ____________________________ лауазымы бойынша біліктілік

      санатына __________________________________________ аттестаттауды

сұраймын.

      Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды

       Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

      Білімі:

Оқу

орнының атауы

Оқу

кезеңі

Диплом

бойынша мамандық







 

 

Жұмыс өтілі:


Жалпы

Мамандық

бойынша

Педагогикалық

Осы

білім беру ұйымында









 

 


 







      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі,

ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете отырып

      _____________________________________________________________________________

     

_____________________________________________________________________________

      Аттестаттаудан өткізу

қағидаларымен таныстым

      20 ____жылғы

"____" ________________


      ______________________________

     

            (Қолы)

 

Мектепке дейінгі,

бастауыш,

негізгі орта, жалпы орта,

техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білімнің білім

беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру

ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен

оларға теңестірілген тұлғаларды

және білім және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық

қызметшілерді аттестаттаудан

өткізу қағидалары мен

шарттарына

2-қосымша

 

Нысан

 Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін

педагог қызметкерді аттестаттау туралы 

КУӘЛІК

      Осы куәлік

________________________________________________________________________________

     

____________________________________________________________________ берілді

(Т.А.Ә. (болған жағдайда))

       Біліктілік

санаттарын беру (растау) жөніндегі аттестаттау комиссиясының 20____

       жылғы

"___" ___________________________ шешіміне және

      

___________________________________________________________________________

      

                  (білім

беру ұйымының толық атауы)

       20____жылғы

"___"______________ бұйрығына сәйкес ____________________

      __________________________________

біліктілік санаты берілді (расталды) (лауазым атауы)

       Комиссия

төрағасы __________________________________________________________________________

     

            (Т.А.Ә.

(болған жағдайда)) (қолы)

       Комиссия

хатшысы

__________________________________________________________________________

     

            (Т.А.Ә.

(болған жағдайда)) (қолы)

      Мөр орны

      Тіркеу нөмірі ________

       Берілген күні

20___ жылғы "____" ________________

       Беру орны

 

Мектепке дейінгі,

бастауыш,

негізгі орта, жалпы орта,

техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білімнің білім

беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру

ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен

оларға теңестірілген тұлғаларды

және білім және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық

қызметшілерді аттестаттаудан

өткізу қағидалары мен

шарттарына

2-қосымша

 Біліктілік санаттарын беру (растау) туралы

куәліктерді тіркеу және беру журналы

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)

Лауазым атауы және берілетін біліктілік санаты

Аттестаттау комиссиясы шешімінің күні

Біліктілік санаттарын беру/растау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі

Куәліктің берілген күні

Алған педагогтың қолы

 















 















 

 

 Мектепке дейінгі,

бастауыш,

 негізгі

орта, жалпы орта,

техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімнің

білім беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру

ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен

оларға теңестірілген тұлғаларды

және білім және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық

қызметшілерді аттестаттаудан

өткізудің қағидалары мен

шарттарына

4-қосымша

Нысан

 Аттестаттауға жататын азаматтыққызметшіні

аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: кезекті -

[MISSING

IMAGE: ,  ]

;


      қайта -

[MISSING

IMAGE: ,  ]

.


      (қажеттісін X белгісімен белгілеу

керек)

      1. Т.А.Ә.(бар болған кезде) _______________________________________

       2. Туған күні ___ж. "___" ________________

       3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер

(қашан және

       қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі,

біліктілігін арттыру,

       қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы

құжаттар)

     

________________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

       4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты(разряды)

      

________________________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі

________________________________________________________

       6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі

      

________________________________________________________________________________

      7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Аттестатталушының пікірі

______________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің

      қызметін тікелей басшысының бағалауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

       10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты.

      11. Дауыс беру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі

       толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін бағалау парағына

сәйкес бағалау:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны)

___________________________;

      2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны)

___________________________________;*

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны)

_________________________.

       12. Біліктілік санаты (разряды):

      1) ________ (жазумен) біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді

______________

        (дауыс

саны)_________________________________ (әр біліктілік санаты бойынша

       жеке) біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ (дауыс саны)

      __________________________________________________________________________

       Қорытынды бағалау

      __________________________________________________________________________

      ___________________________________

       (біліктілік санатының (разрядының) сандық белгісі жазумен

жазылады)________________________________________________________________

       13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар беретін дәлелдемелерді

көрсете

     

отырып)_________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

       _______________________________________

      14. Ескертпелер

________________________________________________________________________________

       Аттестаттау комиссиясының төрағасы: _____________________

      (қолы) 

       Аттестаттау комиссиясының хатшысы: _____________________

      (қолы)

       Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _____________________

      (қолы)

       Аттестаттау өткізілген күн 20___ж. "___"

_____________________________________

      Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі

________________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

       Аттестаттау парағымен таныстым:

____________________________________________

      (азаматтық қызметшінің қолы және күні)

       Ұйым мөрінің орны

      * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

 

Мектепке дейінгі,

бастауыш,

негізгі орта, жалпы

орта,

техникалық және кәсіптік,

орта білімнен

кейінгі білімнің

білім беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру

ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен

оларға теңестірілген тұлғаларды,

және білім және ғылым

саласындағы басқа да азаматтық

қызметшілерді аттестаттаудан

өткізудің қағидалары мен

шарттарына 5-қосымша

нысан

       Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы (аттестаттау

      комиссиясының мүшесі толтырады)

       Аттестаттау түрі: кезекті -

[MISSING

IMAGE: ,  ]

;


       қайта -

[MISSING

IMAGE: ,  ]

 (қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек)


      

Т.А.Ә. (бар болған

кезде)____________________________________________________

       Лауазымы ________________________________________________________________

       Аттестатталушының бағасы _________________________________________________

                               (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)

      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі: атқаратын лауазымына сәйкес, қайта аттестаттауға жатады*, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді):_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

      

________________________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:

________________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

      

________________________________________________________________________________

       Біліктілік санатына (разрядына) лайықты

________________________________________________________________________________

       Біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ

________________________________________________________________________________

      Негіздеме:_________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

     

________________________________________________________________________________

       Аттестаттау комиссиясының мүшесі __________________________________________

                                           (Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)

       Аттестаттау комиссиясының хатшысы ___________________________________

                                          (Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)

      Күні 20___ жылғы "___" ______________

      *қайта аттестаттау өткізу кезінде шығарылмайды

 

Қазақстан

Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығына 2-қосымша

 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог

қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу

қағидалары мен шарттары

       Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің

17.10.2017 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн

өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

© 2012. Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Автор: Н. Кадралиева
Просмотров: 301
Дата создания: 10 Января 2018 г.
Дата редактирования: 10 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос