«Осенний листопад» туристер слеті

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша республикамызда жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру, туған жерге, қала, аулына «Туған жер» жаңа бағдарлама жүргізіліп және қарқын алып келеді. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы ауқымды жаңғырту бағдарламасының күрделі элементі болып табылады.

21-24 қыркүйек күндері Зеренді ауданы Садовое аулында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында халықаралық туризм күніне арналған «Осенний листопад» (үлкендер, юниорлар, жасөспірімдер) жас туристер слетті өтті. «Осенний листопад» слеті атқарылған жұмыстың белгілі кезеңдерінің ерекше (бұл 5 кезеңдердең тұратын «Жас турист-2017» туриадасының финалы) және алдағы маусымда туристтік-өлкетану жұмыс дайындығын тексеру болып табылады.

20 қыркүйек күні шатырлы лагерін орнату орнын және жарыстар өткізу үшін дистанциялар дайындау үшін төрешілік бригада, оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін кейбір командалар шықты.

21 қыркүйек күні сағат 16.30 дейін барлық қатысушылар Бурабай, Зеренді, Аршалы, Ақкөл, Ерейментау, Қоргалжын, Сандықтау аудандары, Көкшетау қаласы, қазақ педагогикалық колледжі, №1Сервистік-техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Ш.Уәлиханов атындағы КМУ - 19 команда келді. Қүздің ауа райының ерекшеліктері мен кенеттілігіне қарамастан, соңғы 10 жыл ішінде бұл көпшілік Слет - барлығы 160 қатусышы. Сағат 18.00-ге дейін мандат комиссия жұмыс жасады.

Слет қатысушыларының шатырлы лагері әдемі жерде Шағалалы өзені жағасында орналасты. Балалар тұрмысын түзеп бәсекенің басталуына дайындалды. Мысалы, Ерейментау ауданы командасы слетке бірінші рет келіп тәжірибелі қарсыластары алдында өздерін еркін ұстап, жеңіске ұмтылыспен жарысты. Бірінші рет Көкшетау қ. №1Сервистік-техникалық колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студентері қатысты.

Ал, Бурабай ауданы құқықтары бойынша фавориттер саналады, команданың әр қатысушы республикалық және облыстық туристік жарыстардың тұрақты қатысушылары. Команда қатысушылары түрлі жарыстарда қатысу мол тәжірибесі бар. Мысалы, биыл Юра Бильдин, Саша Шмидтляйн және Еркуат Асетов туризм және сервис индустриясы колледжі студентерімен бірігіп Тянь-Шань тауларына жорыққа қатысты. Ақтау қаласында «Менің Отаным - Қазақстан» экспедициялық жасақтары республикалық Слетінде Акмола облысы құрама командасына кірді. Бурабайда тәжірибелі жаттықтырушы Наталья Александровна Матвееваның жетекшілігімен аймақтың сакральдық орындарымен танысып, туған өлкенің табиғатын және тарихын зерттеп танымдық экскурсиялар мен жорықтыр өткізеді. «Осенний листопад» слетінің үнемі қатысушылары, бұл жолы да жеңіске бағытталған.

Сағат 18.30 Слетін салтанатты ашылу өткізілді. Ашылу салтанаттында жарыстың қатысушыларына Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов құттықтау сөз сөйледі.Ол,мемлекет басшысы Н.Назарбаев ақмолалықтар алдында туризм индустрия жұмысын жыл бойы ұйымдастыру мәселесін қоятыны туралы ерекше көңіл аударды. Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының директоры А.Г. Умурзаков баршаңы халықаралық туризм күнімен құттықтап, команда өкілдеріне - Александр Валерьевич Казаченко (Ақкөл БШҮ), Жумабай Нугуманович Калашинов («Жас Кайрат»), Андрей Владимирович Романюк (Сандықтау ауданы Сандықтау ОМ) және туризм бойынша жарыстарының тұрақты төрешілеріне - Дархан Куанышев, Жанат Ерекешов, Тимур Садырбаевқа алғыс хат табыс еті. 2017 жылда «Туристік копсайыс бойынша спорт шеберіне үміткер» көрсеткішін орындаған Любовь Пономарева, Жанат Ерекешов, Максим Радченкоға ақшалай сыйлық тапсырылды. Жас туристерге өнерпаз дарынды балалрмен жұмыс жүргізу бойынша облыстық орталығының тәрбиенушілері мерекелік бағдарлама сыйлады.

Ашылу біткен соң команда өкілдері мен капитандары үшін дистанцияларды өту кезеңдерін түсіндіру бойынша отырыс өткізілді. Жарыстар «кросс-поход», «бағдарлау», «техникалық», «жеке-командалық» төрт дистаницялар және «Фотография» , «Бард өлеңі» байқаулары бойынша өтті.

Өткен жарыстардаң биылғы жарыстардың ерекшілігі жарыстар түнгі уақытта да өткізілді. Команда өкілдері Морзе әліппесін қолданып, шартты дабылды қол шаммен тапсырады, белгілі бір қашықтықта болатын команда берген дабылды қабылдайды. Оларда азимут болып табылатын (компас бойынша бағыт) сан шығады. Команда бұл бағыт бойынша шығады, егер дұрыс бағытты аңықтаған болса және жолдан адаспасса, онда белгілі бір жерде шартты зардап шегушінің табуға тиіс. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан кейін оны сөрелік шаршыға тасымалдайды.

«Бард өлеңі» байқауы әлбетте дәстүрлі. Бұл байқауда Ерейментау, Зеренді, Ақкөл, Бурабай аудандары, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының, Көкшетау қаласы қазақ педагогикалық колледжінің әншілеріне тең болған жоқ. «Фотография» байқауында келесі командалар көзге түсті: Ақкөл ауданы «Ветер Азии», Сандықтау БҮ «Саяхат», Бурабай ауданы «Арман», Сандықтау ауданы «Альбатрос» және «Арыстан», қазақ педагогикалық колледжінің студенттері.

Слет жеңімпаздары жеке біріншілігі және жалпыкомандалық есебі бойынша анықталды. Шеберліктің жоғары деңгейін «жасөспірімдер» тобында Көкшетау қ. «Жас Кайрат» ДД БЖК (1 орын), Сандықтау БҮ «Саяхат» (2 орын), Бурабай ауданы «Арман-2» (3 орын). «Юниорлар» арасында 1 орын - облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының «5 высота» командасы; 2 орын – Сандықтау ауданы «Арыстан», 3 орын – Бурабай ауданы «Арман». «Үлкендер» тобында: 1 орын - ОБЖТӨЭО «Фирн» командасы, 2 орын - Ақкөл ауданы «Ветер Азии», 3 орын – Көкшетау қаласы қазақ педагогикалық колледжі.

«Осенний листопад» «Жас турист-2017» туриадасының бесінші кезеңі, барлық кезеңдер қорытындысы бойынша келесі нәтижелер қалыптасты:1 орын – Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, 2 орын - Ақкөл ауданы, 3 орын – Зеренді ауданы.

Автор: Л. Толуспаева
Просмотров: 113
Дата создания: 29 Сентября 2017 г.
Дата редактирования: 29 Сентября 2017 г.