«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

«Ақмола облысының  білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1 «А», кабинет 302, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(7162) 903106, электрондық мекен-жайы: akmol_uo@mail.ru мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1.Қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары  бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің баланы күту бойынша демалыс кезеңінде), «Д-О-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ата-аналар кеңесінің, қорғаншылар кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша органдар мен білім беру ұйымдарының қызметін

үйлестіру; ҚР БҒМ, облыстық әкімдікке, облыстық прокуратураға белгіленген есептілікті дайындауға бақылау жасау; бөлім жұмысының бағыттары бойынша аналитикалық анықтамаларды дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім немесе құқық саласында жоғары білім.

Келесі құзыреттердің болуы: бастамалы, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға болады. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысының білім басқармасының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын

әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ақмола облысының  білім басқармасының және уәкілетті органның сайтына ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысының  білім басқармасында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Автор: Т.Мейрамова
Просмотров: 445
Дата создания: 1 Августа 2016 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.