«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 үй, кабинет № 302, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(7162) 90-31-05, 90-31-06, электрондық мекен-жайы: akmol_uo@mail.ru, мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 281 теңгеден, 72 теңгеден 112 430,32 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалу мониторингі, білім ұйымдарында тілдердің оқытылуы, тәжірибелік жұмыстардың сараптамасы және мониторингі. Шағын жинақталған мектептердің, шағын жинақталған мектептердің ресурстық орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Жалпы орта білім дің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының, оқу жоспарларының және бағдарламаларының орындалуын бақылау, білім алушылардың білім сапасын сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру. Электрондық оқытуды енгізу жұмыстарын үйлестіру. Облыстық конкурстарды, тілдерді меңгеру бойынша олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу.Үкіметтік емес ұйымдармен, шетелдік және жергілікті атқарушы органдармен тілдерді дамыту мәселелері бойынша өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар немесе аталған санаттың нақты лауазымының функционалды бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі екі жарым жыл, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) екі жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы, «D-О-4» санаты (негізгі қызметкердің оқу кезеңінде), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 281 теңгеден, 72 теңгеден 112 430,32 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды есепке қою, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы білім бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етуді, психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кеңестерінің қызметін бақылау. Оқу-тәрбие үдерісіне, тәрбиеленушілердің арнайы түзету білім ұйымдарында қамтамасыз ету жағдайына бақылау жасау. Балаларды түзету мектеп-интернаттарына орналастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар немесе аталған санаттың нақты лауазымының функционалды бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі екі жарым жыл, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) екі жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

3. Қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің баланы күту бойынша демалыс кезеңінде), «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 281 теңгеден, 72 теңгеден 112 430,32 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Басқарманың қызметін қамтамасыз ететін оперативті және ағымдағы сұрақтар бойынша хаттардың, бұйрықтардың жобаларын дайындау, басқарма аппаратына қатысты мемлекеттік сатып алу бағдарламасының рәсімдерін жүргізу, бағалы ұсыныстарға сұрау салу әдісімен бір көзден байқау тәсілімен сатып алуды жүргізу, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын құру, МС порталында келісімдерді тіркеу, мемлекеттік сатып алу жоспарын анықтау, аппарат бойынша 1-ГЗ есебін құрастыру, «Еңбекақы төлеу» аппарат мемориалдық ордер № 5 бойынша аналитикалық есеп дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар немесе аталған санаттың нақты лауазымының функционалды бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі екі жарым жыл, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) екі жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушылар қатыса алады. Тұлғалар тіркелу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне хабарласуы қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы 3х4 мөлшеріндегі суретімен қоса толтырылған сауалнама;

3) Нотариалды бекітілген білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

4) Нотариалды бекітілген еңбек жылын растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) белгіленген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде маңызы бұзылмаған, шектеулі мәннен төмен емес нәтижесімен тестілеуден өткені туралы сертификат (не болмаса нотариалды куәландырылған қорытынды көшірмесі);

8) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды берген сәтінде жарамды болатын, уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі туралы қорытынды (не болмаса нотариалды куәландырылған сертификаттың көшірмесі).

3), 4),7), 8) тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсыну рұқсат етіледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып қарайды.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей ұсынылады.

Құжаттар жалпы конкурс жариялау туралы «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін жұмсалған шығыстар (конкурс өткізілетін орынға бару қайта келу жол ақысы, т.б.) азаматтардың есебінен жүргізіледі.

Конкурс қатысушылары және кандидаттары уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануларына болады.

Автор: Т. Мейрамова
Просмотров: 395
Дата создания: 17 Марта 2016 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.