Басқарма бастығы

Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы

Ақмола облысының білім басқармасының басшысы

1963 жылы 3 шілдеде Кокчетав облысы, Красноармейск ауданы, Қара-Ағаш ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Көкшетау ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау» мамандығы бойынша үздік бітіріп, инженер-механик біліктілігін алады; 2004 жылы «Фемида» заң академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер біліктілігін алады. Техникалық ғылымдардың докторы, профессор, академик. Еңбек жолын 1982 жылы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Абай атындағы совхозда жұмысшы болып бастайды.

Жоғары білім және ғылым саласында көп жылғы тәжірибесі бар.

1992 жылдан бастап – асистент, аға оқытушы, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өндірістік тәжірибе жетекшісі.

1998 жылдан бастап – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің директорының орынбасары.

1999 жылдан бастап – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің сырттай бөлімінің деканы міндеттерін атқарушы.

2000 жылдан бастап – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің сырттай бөлімінің проректоры.

2001 жылдан бастап – аттестациялау және аккредитациялау басқармасының жоғары кәсіптік білім басқармасының бас маманы, ҚР Білім министрлігінің кадр және ұйымдастырушылық жұмыстары басқармасының басшысы.

2002 жылдан бастап – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің сырттай оқыту, инновациялық технологиялар, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша проректор.

2008 жылдан бастап – «Рудный индустриалдық институты» РМКК ректоры.

2012 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының вице президенті.

2014 жылдан бастап – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының вице ректоры.

2017 жылдан бастап - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары.

2017 жылғы 6 қыркүйектен бастап – Ақмола облысының білім басқармасы басшысының міндеттерін уақытша атқарушы.

Мемлекеттік марапаттаулары:

«Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы, «Казахстан Республикасының тәуедсіздігіне 20 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі, «Ы.Алтынсарин» төс белгісі, Білім және ғылымға еуропалық жүйені интеграциялау және дамытуға қосқан үлесі үшін “Біріккен Еуропа” халықаралық марапаттауы.

Гамазов Валерий Георгиевич

Ақмола облысы білім басқарма басшының орынбасары

1963 жылы 15 маусымда Көкшетау облысы Щучинск ауданының Донское ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдап, математика және физика мұғалімі мамандығына ие болды.

Еңбек жолын 1985 жылы Щучинск ауданы, Донской орта мектебінің математика мұғалімі, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы болып бастады.

1988 жылы Қазақстанның ЛКЖО Еңбекшілдер АК хатшысы, екінші хатшысы болып сайланды.

1991 жылдан Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.

1993 жылдан Мемлекеттік мүлік жөніндегі Көкшетау аумақтық комитетінің Еңбекшілдер ауданы бойынша секторының меңгерушісі.

1994 жылдан қалалық әкімшілік әкімі аппаратының басшысы, Щучинск қаласы әкімі аппаратының басшысы.

1997 жылдан 2015 жылдың 18 қазанына дейін Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы.

2015 жылдың 19 қазанынан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары

Мемлекеттік наградалары:

«ҚР Білім беру ісінің үздігі»;

2002 жыл – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;

2005жыл – «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі.

Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары

22 қаңтарда 1971 жылы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Ақан ауылында дүниеге келген. 1994 жыл, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Ақан ауылының Ақан ОМ ұзартылған тобының тәрбиешісі болып бастады.

1994 жылдан - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы.

1999 жылдан – Көкшетау қаласы № 19 орта мектебінің қазақ тілі бойынша үйірме жұмыстарының басшысы.

1999 жылдың 20 шілдесінен – «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ аппаратының аудармашысы.

1999 жылдың 01 қазанынан - «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ кадр бөлімінің жетекші маманы.

2001 жылдан - «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ оқу орындары бөлімінің жетекші маманы.

2007 жылдан – «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы.

2015 жылдан – «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы.

2017 жылдың 27 қыркүйегінен- «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары.


Ермолаева Светлана Александровна

Ақмола облысы білім басқарма басшының орынбасары

1975 жылы 14 қазанда Торғай облысы Державинск қаласында дүниеге келген. 1998 ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдап, инженер-экономист мамандығына ие болды.

1992-1993 ж.ж. Жанадалин ауданының қаржы бөлімі, хатшы-машинист;

1993-1997 ж.ж. Жанадалин аудандық қаржы бөлімі, басқарма аппаратын қаржыландыру жөніндегі ревизор-инспекторы;

1997-1999 ж.ж. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ, басқарма аппараты қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы.

1999-2000 ж.ж. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ, басқару аппаратын қаржыландыру және құқықты сақтау органдар бөлімінің бас маманы.

2000-2005 ж.ж. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ, әлеуметтік салада рұқсат беру және қаржыландыру жоспарын енгізу бөлімінің бастығы

2005-2006 ж.ж. «Ақмола облысы қаржы департаменті» ММ, әлеуметтік салада рұқсат беру және қаржыландыру жоспарын енгізу бөлімінің бастығы

2006-2008 ж.ж. «Ақмола облысының қаржы департаменті» ММ білім, мәдениет, спорт және мұрағат ұйымдарына рұқсат беру және қаржыландыру жоспарын жүргізу бөлімінің бастығы.

2008 жылдың сәуір айынан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ бастығының орынбасары

2006 жылы Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. .

Автор: әкімші
Просмотров: 2458
Дата создания: 11 Ноября 2010 г.
Дата редактирования: 13 Ноября 2017 г.