2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы, 2-тармағындағы 8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау үшін 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі М. Мырзалин

Прикреплённые файлы:114108_kaz_20171115.pdf
Автор: Б. Садвокасов
Просмотров: 71
Дата создания: 15 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 15 Ноября 2017 г.