Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы конкурстың нәтижесі бойынша Ақмола облысының білім басқармасы басшысы болып қабылданды

Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы конкурстың нәтижесі бойынша Ақмола облысы әкімінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 87 – ж/қ өкімімен Ақмола облысының білім басқармасы басшысы болып қабылданды.

Талғат Тұрлыбекұлы 1963 жылы 3 шілдеде дүниеге келген. Техникалық және заңгерлік жоғары білімі бар. 1990 жылы Көкшетау ауылшаруашылық институтын үздік бітірді.2004 жылы «Фемида» заң академиясын бітіріп, заңгер біліктілігін алды. Техникалық ғылымдардың докторы, профессор, академик.

Еңбек жолын 1982 жылы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Абай атындағы совхозда жұмысшы болып бастады.

1992 жылдан бастап жоғары білім және ғылым саласында көп жылдар бойы еңбек етті.

Әр жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің сырттай бөлімінің проректоры, «Рудный индустриалдық институты» РМКК ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының вице президенті, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының вице ректоры, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Автор: А. Бикеева
Просмотров: 128
Дата создания: 12 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.