Ақмола облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, туризм және сервис индустриясы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына «Ақмола облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық қызмет орнына конк

Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан көшесі-59, тел: 8 (716-36) 4-21-80

Мекеменің негізгі қызметі болып табылады: білім беру саласында өндірісті шаруашылық қызмет бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру.

Біліктілікке қойылатын талап: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (педагогикалық немесе бейіні бойынша), педагогикалық жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем болмауы немесе бiлiм беру ұйымының бейiнiне сәйкес бiлiм беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем болмауы қажет. Персоналмен жұмыс тәжірибесі, еңбек қатынастары саласында тәжірибесінің болуы. Компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы (Word. Excel бағдарламалары), лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді білуі қажет.

Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөліктерін), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы, білім беру саласындағы қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері.

Лауазымдық міндеттері. Оқу-әдістемелік білім беру мекемесінің жарлығымен және ғылыми – әдістемелік, әкімшілік - шаруашылық және қаржылық - экономикалық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқару. Оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларын, оқу үрдісінің кестесін, ішкі тәртіп ережелерін бекітеді. Басқару құрылымын, штаттық кестені, білім беру мекемесінің жұмысшыларының қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді. Оқушылар мөлшерін құрастырады, олардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтану, медициналық көмек және оларды бақылауы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлер мен әлеуметтік серіктестердің жұмыстарын бағыттайды.

Конкурсқа қатысу үшiн директор лауазымына кандидат төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тiркеу орнын, нақты тұратын жерiн, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтiнiшін;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшiрмесiн;

3) бiлiмі туралы құжат көшiрмесiн;

4) еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;

5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметi куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөнiндегi жеке парақсын;

6) жазалар мен марапаттауларын көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндiрiстiк мiнездеме;

7) бiлiктiлiк санаты немесе ғылыми дәрежесi туралы құжат көшiрмесi;

8) медициналық куәландырудан өтуi туралы құжат;

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арнайы есеп және қылмыстық статистика бойынша Комитетінің есебіне сәйкес тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметінің болуы немесе болмауы туралы анықтама

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландыру.

Аталған құжаттардың бiрiнiң болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негiз болуы мүмкiн.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзiнiң кәсiби жетiстiктерi, бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми зерттеулер, өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын дерегi расталған ақпаратты ұсына алады.

Конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған күннен бастап сағат 9.00-ден басталады және 15 күнтізбелік күні өткеннен кейін құжаттарды қабылдаудың соңғы күні сағат 18.00-де аяқталады.

Комиссия үш жұмыс күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурс қатысушыларына оларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесудің күні, уақыты және өткізілетін орны туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы керек: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сатпаев көшесі, 1 «а», 302 каб., тел. 8 (716-2) 90-31-06.

Автор: Т. Мейрамова
Просмотров: 296
Дата создания: 22 Февраля 2016 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.