«Б» корпусыныңбос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ (индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев к-сі 1 А үй, 302-кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)90-31-07, электрондық мекен-жайы: akmoedu@akmoedu.kz) мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы, «D-О-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімге басшылық ету. Жаппай оқу бойынша жұмыстарға, жалпы орта білім дің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, оқу жоспары мен бағдарламалардың міндеттерін орындауға, мектепалды дайындық және мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру, білім алушылардың білім сапасына сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру, оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы мен аяқталуына бақылау жасау, дарынды балаларменжұмыс, облыстық интеллектуалды конкурстарды ұйымдастыру және өткізу. Білім ұйымдарының кешендік және тақырыптық тексерулеріне атсалысу, мамандандырылған және арнайы мектеп-интернаттарының жұмыстарын үйлестіру.Бөлім бағыты бойынша аналитикалық анықтамаларды дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім,білім саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы шарт: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанда дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің құқықтық және әкімшілік жұмыс бөліміне персоналды басқару қызметінде (кадр қызметіне) тіркеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірілмей тапсырылады.

Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Құжаттар Ақмола облысының білім басқармасы мен өкілетті органның ресми сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Акмола облысының білім басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

 әкімшілік лауазымына

 орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларына 2-қосымша 

 

                       Нысан


__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________

______________________________________

 қолы (Тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Автор: А. Бикеева
Просмотров: 76
Дата создания: 27 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 27 Октября 2017 г.