«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ Ақмола облысы білім басқармасының «Cтепногорск қ., дарынды балаларға арналған № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп–интернаты» КММ мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 мөлтек аудан, 135 үй, тел: 8 (716-45) 6-01-03

Мекеменің негізгі қызметі: таңдаулы білім алу үшін дарынды және қабілетті оқушыларға қол жетімді мүмкіндіктер жасау, оқыту үрдісіне қатысатын оқушының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қоғамдық және кәсіптік өмір қызметіне толық, әрі тиімді қатысуға қабілетті, құзырлы, шапшаң тұлғаны қалыптастыруға ең жоғары деңгейде әсер ететін әлеуметтік ақпараттық оқыту кеңістігімен қамтамасыз ету.

Біліктілікке қойылатын талап: жоғары педагогикалық білімі және бес жылдан кем емес педагогикалық өтілі, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымындағы өтілі, жоғары немесе бірінші біліктілік санатының болуы.

Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, оқушылардың тәрбиесі мен білім беру сұрақтары бойынша басқа құқықтық нормативтік актілерді, педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогика ғылымы мен іс – тәжірибесіне қол жеткізуді, басқарудың инновациялық әдіс-тәсілдерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызмет сұрақтарын, құқық негіздерін, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін.

Қызметтік міндеттері. Оқу-әдістемелік білім беру мекемесінің жарлығымен және ғылыми – әдістемелік, әкімшілік - шаруашылық және қаржылық - экономикалық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарады. Оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларын, оқу үрдісінің кестесін, ішкі тәртіп ережелерін бекітеді. Басқару структурасын, штаттық кестені, білім беру мекемесінің жұмысшыларының қызметтік нұсқауықтарын бекітеді. Оқушылар контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысу үшiн директор лауазымына кандидат белгiлеген мерзiмде ұсынуы қажет:

1) тiркеу орны, нақты тұратын жерi, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) бiлiмі туралы құжаттың көшiрмесi;

4) еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

5) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы, фотосуретімен;

6) бұрынғы жұмыс орнынан алған жазалары мен көтермелеулерi көрсетілген өндiрiстiк мiнездеме;

7) бiлiктiлiк санаты немесе ғылыми дәрежесi туралы құжаттың көшiрмесi;

8) медициналық куәландырудан өтуi туралы анықтама;

9) сотты болмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін берілген құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландырылады.

Аталған құжаттардың бiрiнiң болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негiз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзiнiң кәсiби жетiстiктерi, бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми зерттеулер, өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректi расталған ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн аяқталғанға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төмендегі мекен-жайға жіберілуі тиіс: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 каб., т. 8 (716-2) 903105, 903106

Автор: Г.Алиева
Просмотров: 40
Дата создания: 13 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 13 Ноября 2017 г.