Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылғы 1 жарты жылдық сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

Көкшетау қаласы 2017 жыл

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410–V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының шарттары мен себептерді анықтау және азайту (жою) себептер мен жағдайлардың туындауына ықпал ететін ішкі мәніне талдау өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі анализі Басқармасының заңгерлік бөлімімен өткізілген.

Талдау кезеңі 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2017 жылғы 30 маусымына дейін.

Мемлекеттік мекеме туралы ереже 2016 жылғы 13 маусымдағы Ақмола облысы әкімдігінің № А-7/271 қаулысымен бекітілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне өткізілген талдау барысында анықталды:

«Қызметкерлерді басқару» бағыты

Басқармасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы штат саны 35 бірлікті құрайды, нақты саны – 33.

Мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің әлеуетін пайдалану. Басқарманың мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы, Темирбаева М. Ж. қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып жатыр.

Кадрлардың ауысуы. Ағымдағы жылдың басынан бастап өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке 3 адам қабылданды. 2 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Осылайша, Басқармадағы кадрлардың ауысуы 5,7% - ды құрайды, бұл 2016 жылғы нәтижеге қарағанда 7,8% - ға төмен.

Тәлімгерлерді бекіту тәртібі мен сынақ мерзімін өту шарттары мен ережелеріне сәйкес (ҚР мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №11 бұйрығымен бекітілген) алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған тұлғалардың бейімделуі мақсатында, тәлімгерлік институты заңнамамен бекіткен.

Жас мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімін өту кезеңінде тәлімгер таңдаған мамандықты игеруге көмек көрсетеді, қиындықтарды жеңуге, өз лауазымдық міндеттерін орындаған кезде моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі, қызметін тиімді жүзеге асыру кезінде қызметтік оң үлгісі ретінде қызмет етеді.

Тексеру барысында, мемлекеттік қызметке тұңғыш рет тұрған қызметкерлерге міндетті тәртіпте тәлімгерлер бекітіледі. Жоспары жасалады, соңында тәлімгерлік нәтижелері ресімделеді.

Кадрлық шешімдер қабылдауға шағымдардың болуы. Кадрлық шешімдер бойынша шағымдар талданып отырған кезеңде түскен жоқ.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу. Басқармамен ағымдағы жылдың басынан бастап 3 жалпы конкурс өткізілді.

«Мемлекеттік қызметтер» бағыт

Білім басқармасымен және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары 32 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тарту үшін негіздің болмауы

ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (2013 ж. 15.04. №88-V) (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2- тармақ талаптарына 28 мемлекеттік қызмет стандарттары сәйкес келмейтіндігі анықталған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бастартуға негіз жоқ. Солай, аталған Стандарттарда мемлекеттік қызметті көрсетудің «оң» нәтижесі ғана қарастырылған, сөйтіп, «теріс» нәтиже жоқ.

Мысалы, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартында ( ҚР Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 ж. №198 бұйрығы) жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күн көріс деңгейінен асатын табыс туралы құжаттарды ұсынған жағдайда, бас тартуға негіз қарастырылмайды.

Осы норманың болмауы, мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық қаупін туғызады, қызмет алушалармен байланыс жасауға көмек көрсету, қызмет алушылар тарапынан нақты бұзушылықтар немесе сәйкессіздіктерге қарамастан.

Сонымен бірге, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзбай, мемлекеттік қызметті көрсетуге және оң нәтиже беру үшін, қателер немесе берілген мәліметтер бойынша сәйкессіздіктерді және т.б. анықтау үшін қызметкерлерге өтініш берушілермен байланысқа түсу керек.

Нормативтік құқықтық актілерде коллизиялар мен кемшіліктер

Нормативтік-құқықтық актілерге жүргізілген талдау барысында коллизиялар мен кемшіліктер анықталды. Мысалы, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет стандарты бірінші сынып оқушылары үшін мектепке қабылдау мен құжаттарды қабылдау тәртібін көздейді. Солай, оқу барысында оқушының тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде оқушының оқу орны ауыстыру қажеттілігі туындайды.

Алайда, балалардың бір мектептен басқа мектепке ауысу процесі Стандартта көзделмеген.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде кедергі пайда болуы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» Стандарты.

Стандарттың 3-тармағында мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын 24-тармағында келесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өтуге ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, арнайы, түзету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің педагог қызметкерлері осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.

Алайда, педагог қызметкерлерін аттестаттауға өтініштерді қабылдау қай уақытта басталатындығы Стандартпен, Ережелермен күні анықталмаған.

Жоғарыда көрсетілген бірыңғай тәсілдердің болмауы көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жаңылыстырып, сыбайлас жемқорлыққа шарт жасайды.

Сапасы және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына шағымдар түскен жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бағыт

Талданып отырған кезеңде 65 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 55-і жеке тұлғалардан, 10 заңды тұлғалардан.

Сенім телефоны жұмыс істейді 90-31-16. Талданып отырған кезеңде 17 өтініш келіп түскен, қарау мерзімінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сондай-ақ, өтініштер Басқармасының ресми сайтына түседі, талданып отырған кезеңде 118 өтініш тіркелген.

Өтініштерді қарау мерзімін өткізіп алу қателігі анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне негізделген ұсыныстар:

1. Қолданыстағы заңнаманың кемшіліктерін жою үшін шаралар қабылдасын (Тиісті ұсыныстар енгізу үшін).

Автор: Н. Кадралиева
Просмотров: 79
Дата создания: 30 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 30 Октября 2017 г.