«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 үй, кабинет № 302, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(7162) 90-31-05, 90-31-06, электрондық мекен-жайы: akmol_uo@mail.ru, мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 281 теңгеден, 72 теңгеден 112 430,32 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалу мониторингі, білім ұйымдарында тілдердің оқытылуы, тәжірибелік жұмыстардың сараптамасы және мониторингі. Шағын жинақталған мектептердің, шағын жинақталған мектептердің ресурстық орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Жалпы орта білім дің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының, оқу жоспарларының және бағдарламаларының орындалуын бақылау, білім алушылардың білім сапасын сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру. Электрондық оқытуды енгізу жұмыстарын үйлестіру. Облыстық конкурстарды, тілдерді меңгеру бойынша олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу.Үкіметтік емес ұйымдармен, шетелдік және жергілікті атқарушы органдармен тілдерді дамыту мәселелері бойынша өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушылар қатыса алады. Тұлғалар тіркелу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне хабарласуы қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы 3х4 мөлшеріндегі суретімен қоса толтырылған сауалнама;

3) Нотариалды бекітілген білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

4) Нотариалды бекітілген еңбек жылын растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) белгіленген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде маңызы бұзылмаған, шектеулі мәннен төмен емес нәтижесімен тестілеуден өткені туралы сертификат (не болмаса нотариалды куәландырылған қорытынды көшірмесі);

8) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды берген сәтінде жарамды болатын, уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі туралы қорытынды (не болмаса нотариалды куәландырылған сертификаттың көшірмесі).

3), 4),7), 8) тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсыну рұқсат етіледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып қарайды.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей ұсынылады.

Құжаттар жалпы конкурс жариялау туралы «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Ақмола облысының білім басқармасында әңгімелесуге жіберілгені туралы үміткерлерге хабарлама берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін жұмсалған шығыстар (конкурс өткізілетін орынға бару қайта келу жол ақысы, т.б.) азаматтардың есебінен жүргізіледі.

Конкурс қатысушылары және кандидаттары уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануларына болады.

Автор: Т. Мейрамова
Просмотров: 489
Дата создания: 9 Июня 2016 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.