Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 19 бірегей жобасы іске асырылатын болады

Бұл туралы Көкшетауда өткен бирфингте Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова хабарлады. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының шеңберінде 2018-2022 жылдар аралығында жыл сайын барлығы 76 облыстық іс-шара өткізіледі.

Идеологиялық және әдістемелік жұмысты жүзеге асыру үшін 2017 жылы «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылды, Шортанды ауданында – 3 кабинет, Атбасар ауданында – 2 кабинет, Бұланды ауданында – 1 кабинет, Жақсы ауданында – 1 кабинет, Бурабай мен Сандықтау аудандарында және Көкшетау қаласында қазіргі күні кең жолақты интернетпен, мультимедиялық жабдықтармен және фирмалық стильмен жабдықтау жүріп жатыр.

Ауқымды жобалардың бірі облыстың білім ұйымдарының музейлерін дамыту бағдарламасы болып табылады. 2017 жылғы желтоқсанда 194 музей жұмыс істеді, жаңа жылдың қаңтарында музейлер желісі 205 музейге дейін кеңейтілді.

Оқушылар мен студенттердің бизнеске деген қызығушылығын ынталандыру үшін ағымдағы жылы бизнес-алаңдар ұйымдастырылатын болады. Мысалға, Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының базасында 130 баланы қамтыған, оқушыларға арналған бизнес-клуб жұмыс істейді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде де стартаптар жұмыс істейді. 2017 жылғы қарашада «Профи кз.» оқиғасы кең бұқаралық насихатталған болатын, оның шеңберінде үздік стартап байқауы өткізілді.

Жаңа жылда Қорғалжын ауданында Қазақстандағы алғашқы және дүние жүзіндегі бесінші балалар орнитологиялық орталығы өз жұмысын бастайды. Қорғалжын қорығында 80-ге жуық құстардың түрі ұя салатыны белгілі. Балаларда орнитолог-ғалымдармен бірге зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі болады.

Атбасар ауданында ағымдағы жылы жасөспірімдер мен жастардың кәсіптік бағдарлау жұмысын өткізудің жаңа форматына бағытталған «Мамандықтар автобусы» кәсіптік бағдарлау жылжымалы орталығы жұмыс істейтін болады. Кәсіптік бағдарлаудың бұндай форматы Қазақстандағы алғашқысы болып табылады.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының білім бөлімі қазақстандық және шетел әдебиетінің 130 авторларының кітаптарынан ең бір есте қаларлық, қызықты сәттерін музыканың сүйемелдеуімен ақпараттық роликтер ұсынатын буктрейлер-жобасына бастамашылық жасады.

Автор: Ш. Утебаева
Просмотров: 112
Дата создания: 13 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 13 Февраля 2018 г.