Ақмолалықтар дарынды балалардың Республикалық 2017 слетінде

Кеше Астана қаласында дарынды балалардың Республикалық 2017 слеті өтті, Ақмола облысын 32 қатысушы таныстырды –деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз-хатшысы Динара Есенбаева.

«Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы» Халықаралық Қоғамдық Қоры биылғы оқу жылының «Жас ұрпақ» орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция, олимпиада, байқаулар нәтижелері бойынша Республикалық дарынды балалар – 2017 слетінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Бозайғыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Алмагүл Халел өз оймен бөлісті: «біздің мектебімізден слетке 19 оқушы шақырылды, бұл жыл бойы өткізілген қашықтық олимпиада жеңімпаздары. Балаларымыздың еңбегін бағалайтын Мемлекетімізге алғыс айтқым келеді».

Бозайғыр орта мектебінің 3 сынып оқушысы Ақмаржан Рахымжан өзінің әсерімен бөлісті: «Мен медаль алғаныма өте қуаныштымын. Маған оқыған ұнайды, өзімнің барлық бос уақытымды қосымша білім алуға арнаймын. Болашақта Республикамызды халықаралық аренада көрсетемін деп жоспарлаймын».

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 103
Дата создания: 19 Мая 2017 г.
Дата редактирования: 19 Мая 2017 г.