Ақмола облысы Аршалы ауданының 80-нен артық педагогтары жаңартылған бағдарлама аясында тәжірибе алмасты

Аршалы ауданының №3Аршалы орта мектебі және №1 Аршалы орта мектебі базасында 5,7-сынып мұғалімдері үшін облыстық оқыту семинары өтті. Ақмола облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды

Іс-шара ұйымдастырушысы Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті».

Семинарға 5-7 сыныптардың 80 аса пән-мұғалімдері, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты. Семинар бағдарламасы практикалық бөлімнен (ашық сабақтар) және дөңгелек үстелде теориялық бөлімді талдаудан құрылды.

«Қазіргі қоғамда болып жатқан заманауи өзгерістер, әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғағаның бойында шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылықты меңгертетін ол - жаңашыл ұстаз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап өткен. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту барлық негізгі бағыттар бойынша іске асырылады.

Білім мазмұнын жаңарту – орта білімнің моделін, оның құрамын, құрылысын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарау, оқушылар жетістіктерін жаңа бағалау жүйесі негізінде енгізу» - облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері Майра Смаилова өз ойын білдірді.

Облыстық оқыту семинарының іс-шарасы пән мұғалімдеріне маңызды сұрақтарға жауап алуға көмектесті. Сабақтарды талқылау барысында семинар қатысушылары қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдердің пайдасын атап өтіп, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендетіп оқыту үрдісіне тарқаны туралы айтты.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 75
Дата создания: 10 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 10 Ноября 2017 г.