2017 жылдың 1 тамызы мен 10 тамызы аралығында «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтіп жатқан «Мектепке жол!» акциясы туралы ақпарат.

2017 жылдың 1 тамызынан бастап жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол!» акциясы бастау алды. Білім басқармасы облытық газеттерде қайырымдылық акциясының басталуы туралы мақала жарияланды, сондай-ақ білім басқармасының интернет ресурсында облысымыздың халқына, ауыл шаруашылық иелеріне, кіші және орта кәсіп иелеріне, мемлекеттік орган қызметкерлеріне балаларын мектепке дайындауда қиындық туындаған отбасыларға көмек көрсету бойынша бастамаға үлес қосу туралы ақпарат жарияланды.

Облыстың барлық білім беру ұйымдарында акцияның басталуы жөнінде бұйрықтар, жоспарлар бар, жергілікті атқару органдар қызметкерлерінің, ата-аналар қауымдастығының, ІІБ және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен аулаларды және үйлерді аралау рейдтері басталды. Облыстың сауда орталықтарына жалпы республикалық қайырымдылық «Мектепке жол!» акциясының өтуі туралы хабарландыру ілініп, ата – аналар мен облыс тұрғындарын осы акцияға ат салысып демеушілік жасауға шақырылды.

Барлық мектептерде мұғалімдер және ата-аналар киімдер мен оқу құралдарды тапсыруға арналған қабылдау пункттері ашылды.

1 тамыз бен 10 тамыз аралығында 509 оқушыға 7 млн.976 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде 865 мың теңге бюджет қаражатынан болса, 7млн. 111 мың теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен

Бүгінгі күнге 651 адамның қатысуымен 1028 аулалық аралау өткізілді.

Автор: Д.Есенбаева
Просмотров: 253
Дата создания: 11 Августа 2017 г.
Дата редактирования: 11 Августа 2017 г.