Список статей
«Білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақталған мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару» облыстық семинар

2018 жылы 27 сәуір күні Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледжі ғимаратында облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақталған мектептің қызметін жетілдіру мақсатында «Жаңаша білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақталған мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар жұмысына қатысушылар: Ақмола облысы білім басқармасының қызметкерлері, Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Ж.Мусин атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жауапты тұлғалары, аудандық, қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушілері мен әдіскерлері, шағын жинақталған мектептердің директорлары, жалпы 80 адам.

Семинардың пленарлык мәжілісінде шағын жинақталған мектептердің өзекті мәселелері, проблемалары және олардың шешу жолдары қарастырылды.

Семинардың үш секциясында шағын жинақталған мектептің жағдайында бейіналды дайындық пен бейіндік оқытуды жүзеге асыру, педагогикалық кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, тәрбие жұмысының жүйесі талқыланды.

Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткезгені туралы айтты. Семинардың соңында ұсынымдар жобасы қарастырылды және оқу-тәрбиелеу үдерісінің басты мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар таратылды

Автор: Г.Кушпаева, Ж. Даниярова
Просмотров: 44
Дата создания: 28 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 28 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос