Астанада «Аутизм, Мүмкіндіктер әлемі» екінші халықаралық конференциясы өтті

Ақмола облысының делегациясы ағымдағы жылғы 7-8 қарашада Астана қаласында өткен «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Аутизм, Мүмкіндіктер әлемі» екінші халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция қатысушыларын Қазақстандағы бала құқығы бойынша өкілетті Зағипа Балиева және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице министрі Лязат Ақтаева құттықтады.

АҚШ, Канада мен Ресейдің Аутистік Спектрдің Бұзылуын зерттеу зертханалары мен институттарының жетекші зерттеушілері конференция қатысушыларына АСБ түзетудің жаңа әдістері мен зерттеулері, диагностика мен интервенцияның практикалық құралдары және инновациялық әдістемелері, амалдары туралы айтты.

Қазақстандағы аутизмі бар балаларға нақты көмек көрсету тәжірибесімен «Асыл мирас» (Астана қ.) қайырымдылық қорының жетекшісі Қарлығаш Жағыпарова және «Рука в Руке» (Қырғызстан) аутизмі бар балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анар Асаналиева бөлісті.

Сөз сөйлеушілер АСБ бар балаларды ерте кезден анықтау қажеттілігін сонымен қатар, аутизмі бар балаларға уақытылы түзету қолдауын көрсету мақсатымен зерттеушілердің, практиктердің, ата-аналар әлеуметін, қоғамдық қорлар мен мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, сондай-ақ, аутистік спектрдің бұзылуы бар балалармен жұмыс істейтін ата-аналар мен педагогтарды оқыту қажеттілігін атап өтті.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 73
Дата создания: 10 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 10 Ноября 2017 г.